Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Жүректерге жұбаныш, сынық көңілдерге қуаныш сыйлаған сәттен бір үзік (фото)
15:23, 03 октября 2016

Жүректерге жұбаныш, сынық көңілдерге қуаныш сыйлаған сәттен бір үзік (фото)


Кеше Алматы қаласы, Алатау ауданы «Әл-Азим» мешітінің ұстаздары мен шәкірттері бастаған бір топ жастар Қапшағай қаласында орналасқан «Кәусар» балалар үйінде қонақта болып қайтты.
Қайырымдылық мақсатымен ұйымдастырылған аталған шара барысында 40-тан астам бүлдіршіндерге арнап арнайы дастархан жайып, тәттілер үлестірді. Алланың ғана ризалығы мен дидарын іздеген топ жастар жас жеткіншектердің өмірге деген көзқарастары мен болашақтарына құрған жоспарларымен бөлісіп, үлкен істер үшін сабырлық пен бауырмашылдықтың маңызы зор екенін тілге тиек етті.
Қазақтың дәстүрлі аспабы домбыра тартып, мағыналы термелер айтып бір сәт болса да көңілдеріне қуаныш сыйлады.
Іс-шара соңында әрбір бүлдіршіндерге мешіт атынан арнайы әзірленген Мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Осылайша, тағдырлары жастайынан тар жол тайғақ кешумен басталған сынық көңілдерге бір сәттік жұбаныш әрі қуаныш ұялата білген мешіт қызметкерлері мен шәкірттеріне Алла тағала екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!

Ж.Кершеев

1

2

3

4

5

6


Талқылау: 1 пікір бар
  1. Ерзат Ардақ:

    Алла сіздерге разы болсын.

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2021 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.