Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Сарапшылар Қағба жамылғысын нығайтудың тәсілдерін іздеуде
23:58, 24 октября 2017

Сарапшылар Қағба жамылғысын нығайтудың тәсілдерін іздеуде


Мекке қаласындағы Умм әл-Кура университетінің сарапшылар тобы Қағба жамылғысын нығайту тәсілдерін табу жолында еңбек етуде, олардың мақсаты — кисуахтың тозуының алдын алу.

Бұл мәселені шешу тәсілінің ең бір ыңғайлы жолы ретінде матаға кевлар жібін қосуды қарастыру болып отыр.

Al-Arabiya телеканалы исламның екі қасиетті орны жөніндегі істер басқармасының кисуахқа жауапты адамы Мұхаммед Баджудудың сөзін дәйексөз ретінде келтірген: «Біздің ойымызша, кевлар салмағынан болар жібек жамылғының тозуын кемітуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, дәстүрге сай алғашында Қағбаның жамылғылары бірінің үстіне бірі жабыла беретін, алайда енді оны жылына бір рет қажылық кезінде ауыстырып отыратын болған. Ал жамылғы фрагменті болса мәртебелі қонақтарға сыйлық ретінде тарту етіледі.

Қағба жамылғысының көлемі 658 шаршы метр, салмағы – 820 келі, соның ішінде 670 келі жібек және 150 келі алтын жіптен тұрады.

muftyat.kz


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2021 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.