Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Қажылық туралы қорытынды дерек жарияланды
23:23, 16 сентября 2016

Қажылық туралы қорытынды дерек жарияланды


Сауд Арабиясы Статистика ведомствосы биылғы қажылық бойынша соңғы қорытынды деректі жариялады.

Жарияланған дерекке сәйкес, биыл шетелдік қажылардың 54,6%-ын ерлер, 45,4%-ын әйелдер құраған.

Шетел қажыларының басым бөлігі, 94%-ы – әуе арқылы, 5%-ы көлік құралдарымен және 1%  теңіз көлігімен келген.

Ал биылғы қажылардың жалпы саны кемінде соңғы 10 жылда ең төмен көрсеткішке ие болып отыр, деп жазады Al Arabiya.

Мәселен, 2007 жылы 1,7 миллионнан аса шетел қажылары мен 746 511 саудиялық тұрғындар, жалпы саны 2,4 млн адам қажылық жасаса, биыл шетел қажыларының саны 1 325 372 адамды, жергілікті қажылар саны 537 537 адамды, барлығы 1,9 миллион қажыны құрады.

 2012 жылы қажылар саны 3 миллионнан асты – бұл қажылықтың соңғы он жылдық тарихындағы ең үлкен көрсеткіш.

Биылғы жылы қажылардың басым бөлігі Египеттен келді. Екінші және үшінші орында Пәкістан мен Үндістан қажылары тұр.

ummet.kz


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2021 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.