Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Сағд ибн Муғаз дүниеден өткенде Аршы неге сілкінді?
16:56, 15 қаңтар 2017

Сағд ибн Муғаз дүниеден өткенде Аршы неге сілкінді?


Уағалейкумассалам уа рахматулла! Расында да бұл атақты сахабаның Жаратушы Алланың қасындағы дәрежесі ұлық еді. Раббымыздың дінін жеткізуде атқарған ерен еңбегі де зор. Алла жолында шәһид болып жан тапсырған беделді сахабалардың бірі де осы – Сағд ибн Муғаз. Рахманның Аршы сілкіну мәселесіне келер болсақ Сағдтың жаны Алла тағаламен қауышуын аңсап, қуанғанының белгісі. Арабтар сыйлы қонақтың келуін күткен кездегі қуанышта осы етістікті қолданады (اِهْتَزَّ لَهُ). Яғни, қуанышында шек жоқ деген мағынаны береді. Сағд ибн Муғаздың рухы Раббысымен қауышу сәтін күткен Аршы да қуанып, сілкінеді. Бұл жердегі сілкіну етістігі де (اِهْتَزَّ) деп келген. Тағы сол секілді көктемде жер көгеріп, құлпырып шөп шыққан кезде де (اِهْتَزَّتْ الأرْضُ) жер қуанады.

Имам Әз-Зәһәби: «Аршы Раббысына бойсұнған, әміріне бағынған жаратылыс. Егер сілкінсе тек қана Алланың әмірімен сілкінеді. Аршыға Алла тағала Сағд ибн Муғазға деген махаббат сезімін беріп қойған еді, Ухуд тауына да сондай сезім берген секілді Алла елшісіне ﷺ қатысты. Және бұл хақ», – деп айтқан.

Абдулла ибн Омар: «Аршы Сағдтың Раббысымен жолыққандығына қуанғандықтан сілкінді. Кім Алланы сүйсе және Оны сағынса Алла тағала онымен жолығуды жақсы көреді», – деген

Әбу Сағид әл-Худри былай деген: «Аршы Сағд ибн Муғаздың қайтыс болғаны үшін сілкінді. Себебі, Алла тағала одан разы болды».

Ибн Омар Алла елшісінен ﷺ жеткізген хабарда Пайғамбарымыз ﷺ: «Бұл сондай салиқалы құл. Оған Аршы қозғалды әрі көктердің есіктері ашылды және бұған дейін жерге түспеген жетпіс мың періште куә болды. Расында, қабірде бір мәрте қысылып, босатылды ғой»[1], – деген еді.

Жауапты әзірлеген:
al-azim.kz сайты әкімшілігі

___________________
[1]
Сунан ән-Нәсәи: 441/2


Талқылау: 1 пікір бар
  1. Жасулан:

    Ассалаумагалейкум уарахматуллахи уа баракатух!! Сайттарыныз манди де магыналы макалаларга толы, илимисизди котеруге зор комегин тигизуде! Алла разы болсын!

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.