Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Христиан көршісінің әжетханасын 20 жыл тазалаған мұсылман
16:58, 10 қаңтар 2017

Христиан көршісінің әжетханасын 20 жыл тазалаған мұсылман


Табиғин Хасан Басридің христиан көршісі болған екен. Сол көршісінің үйінің төбесінде салған əжетханасы бар екен. Əжетханадан Хасанның үйіне қарай арнайы тесік ойып қояды. Сол тесіктен күніге Хасанның үйіне кіші дəрет сындырып жүреді. Мұнысын байқаған Хасан тесіктің астына арнайы ыдыс қойдырады. Ыдыс толғанда төктіріп жүреді. Сонымен бұл іс жиырма жыл жалғасады. Күндердің бір күнінде Хасан сырқаттанып қалады. Көршісі көңілін сұрауға келеді. Ауланың ішкі жағына кіргенде өзінің сорақы ісін көреді. Тесіктің астындағы шелекті көреді. Хасанға қарап: «Мына сорақы ісіме қаншадан бері шыдап жүрсің?» деп сұрайды. Хасан: «Жиырма жылдан бері» деп жауап қатады. Христиан істеген ісіне қатты өкініп белбеуін кесіп жіберіп, мұсылман болған екен.
P/S Хасан Басридің христианның сорақы ісіне көрсеткен шыдамдылығын мұсылман бауырымызға көрсете білейік!

Бауыржан Әлиұлы


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.