Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Дауысы жұмақтан шыққан сахаба
23:02, 16 қыркүйек 2016

Дауысы жұмақтан шыққан сахаба


Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Миғражда Алла Тағаланың құзырына көтерілгенде, Жәбірейіл періште жәннат пен тозақты көрсетті. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

-Жәннаттан әсем әуенмен оқылған Құран дауысы естідім,- дейді. Оқып отырған дауыс та өте таныс. Дауысы жәннатқа жетіп тұрған бұл қай бақытты құл екен,- деп, Алла елшісі қайран қалды. Жәбірейіл періштеден сұрап еді: «Бұл Харисатубни Нұғман деген анасының қызметін жасап жүрген жігіт қой»- деді. Сонда Пайғамбарымыз:

«Анаға жақсылық деген осы, анаға жақсылық деген осы, анаға жақсылық деген осы», —

деп қайталай берді. Көрдіңіз ба, өзгенің емес, анасына жақсылық жасаушының даусы жәннаттан шығып отыр. «Жан ана, сіз жеңіз, анашым, сіз ішіңіз, сіз отырыңыз, сіз дем алыңыз»- деп, құрақ ұшып ата-анаға қызмет етудің бір көрінісі осы.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.