Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
100 мың жылда бір келетін құбылыс: Ай Қағбаны айналып тәу етті
15:48, 23 ноября 2016

100 мың жылда бір келетін құбылыс: Ай Қағбаны айналып тәу етті


2016 жылдың 18-інен 19-на қараған түнде шамамен түнгі сағат 3.25-те ғаламда ғажайып құбылыс орын алды. Аспан төріндегі ай Мекке төріндегі қасиетті Қағбаны айналып шыққан.

Бұл туралы “Айқын” басылымы жазады.

Айдың Қағбаны айналуы енді 100 000 (жүз мың) жылдан кейін (сайт әкімшілігі: Ислам ғалымдарының есебі бойынша Адам ғ.с. дәуірінен бүгінге дейін бірнеше он мыңдық жылдар ғана өткен. Тіпті, 50 мың жылға жетпейді әлі. Демек, бұл құбылыс 100 жылда қайталанатын ғарыш заңдылықтары болуы ықтимал) қайталанады екен. Сол түні аспан жарық нұрға, көгілдір қызғылт шуаққа шомылып тұрды. Ай Қағбаны айналғанда Алладан тілеген тілек түгел орындалады деген сенім бар. Мұсылмандар бұл күні «Астағфируллаха Рабби мин кулли занбин уа атубу иляйһи» деп дұға жасап, Аллаға күнәларының кешірілуін сұрап жалбарынады. «Фатиха» сүресін 11 рет оқып, жарылқау тілейді екен.

Қағба – қара жердің ғана емес, күллі ғарыштың орталығы. Он сегіз мың ғалам бір Аллаға сәжде етеді. Қағбаның төбесінде Аршы мен Күрсі және жеті қабат аспан мен жеті қат жер бар делінеді. Ғалымдардың айтуынша, бұлар – Жердің жеті серігі, планетамыздағы жеті аспан денесі. Қағба – араб тілінен сөзбе-сөз аударғанда құрметтелген, ұлы, үлкен жер деген мағына береді.

Қажыға барғандардың Қағбаны сағат тіліне қарсы жеті рет айналуы да он сегіз мың ғаламның айналуын білдіреді.Электроникадан бастап галактикаға дейін дәл осылайша қозғалады. Тәуап етушілердің Қағбаны сағат тіліне қарсы айналуында да үлкен сыр бар.

Адам денесіндегі қан да, ай да, жер де, күн жүйесіндегі планеталар да, ғарыштағы бүкіл галактика сағат тіліне қарсы айналады.

muftyat.kz


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2020 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.