Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Көңілі ояу
22:55, 16 сентября 2016

Көңілі ояу


Бір күні ірі табиғин ғалымы Хасан Басриге бір адам келіп, қызының соқыр болып қалғанын айтады.

– Әй, имам, менің қызым күні-түні Құдайды ойлап көп жылайды. Тіпті қос жанары суалып кетті. Баспаған жер, бармаған тауым жоқ. Ешкім емдей алмады, – дейді.

– Мені ертіп бар, – деді Хасан Басри, – жолығып көрейін.

Екеуі үйге жетеді. Шынымен де қызы су қараңғы соқыр екен, өзі жылап отыр. Хасан Басри мұны көргенде:

– Қызым, неге жылай бересің? Тіпті екі көзіңнен де айырылыпсың, – дейді.

– Екі себептен соқыр болдым, – депті қыз, – біріншісі, егер бұл көзбен ақыретте Алланың жамалын көре алсам, қазіргі көрген дүние соның жолында садақа болсын. Екіншіден, ақыретте бұл көзбен Алланың нұр дидарын көре алмасам, онда мұның маған не керегі бар? Ондай көздің барынан да жоғы жақсы.

Бұны естігенде, Хасан Басри қыздың әкесіне қарап:

– Сен мені бұл жерге ақыл айт деп әкелгенмен, ақылгөй қызыңнан нағыз даналық сөз есіткіздің. Мұндай көкірек көзі ашық адамдарға жай көздің керегі де бола қоймас, – деген екен.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2021 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.