Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Жәннат сарайларын сатып алған кедей
12:05, 21 қараша 2016

Жәннат сарайларын сатып алған кедей


Бір өте кедей кісі Мұса пайғамбарға(ғ.с): «Кедейліктен өлуге айналдым. Қанша ғибадат жасасам да дүние-мүлкім көбеймей-ақ қойды. Сондықтан Аллаға маған көп дүние-мүлік берсін деп дұға жаса» дейді. Мұса (ғ.с) Тур тауына барып дұға жасайды. Алла Мұсаға: «Ол құлымнан байлықты осы дүниеде берейін бе, жоқ әлде аxиретте берейін бе?» деп сұра дейді. Мұса кедейге келіп, Алланың қалауды өзіне қалдырғанын айтқанда, кедей: «Мен байлықты осы дүниеде қалаймын» деп жауап береді. Мұса оған: «Үш күндік байлықты не қыласың? Бір күні барлығын тастап кетесің ғой. Сен байлықты аxиретте сұра» деп кеңес береді. Кедей: «Таңдау маған берілді, мен байлықты осы дүниеде қалаймын» дейді. Мұса Тур тауына қайта барып, Аллаға кедейдің өтінішін жеткізеді. Алла: «Қалауы сол болса, онда сұраған байлығын осы дүниеде бердім» дейді.
Кедей тез байып шыға келеді. Алайда ол дүниесін мұқтаж адамдарға үлестірумен болады. Кедей-кепшіктерге өзі іздеп барып, қажетті бұйымдарын алып беріп, қарыздарын төлеп, жетімдерге қамқорлық жасайды. Қанша жұмсаса да дүниесі еселеніп көбейе береді. Ал ол өзгелерге қамқорлық қолын созумен болады.
Уақыты жетіп, әлгі адам қайтыс болады. Мұса оның жәннатта зәулім сарайлар ішінде жүргенін көріп, оның себебін сұрағанда, Алла: «Ол байлықты дүниеде қалағанымен сол байлығымен дүниеде өзіне сарай салдырған жоқ. Бар байлығын менің ризашылығымды алу үшін кедей-кепшікке таратып, жәннат сарайларын сатып алды» дейді.

muftyat.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.