Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Қайыршы
22:52, 16 сентября 2016

Қайыршы


Мәдиналық мұсылмандардың бiрi Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келiп, көмек сұрайды. Ол мұсылманнан:

— Үйiңде ештеңе жоқ па? — деп сұрақ қояды.

Әлгi кiсi:

— Бiр жағын үстiмiзге жамылып, бiр жағын астымызға төсеп жүрген көрпе мен су iшетiн ыдыс қана бар, — дейдi.

Пайғамбар (с.ғ.с.):

— Бар, соларды маған алып кел, — деп қайтарып жiбередi. Аз уақыттан соң ол заттарды алып келедi.

Пайғамбар (с.ғ.с.):

— Мынаны кiм сатып алады? — деп сұрайды.

Мұсылмандардың бiрi:

— Мен бұларды бiр динарға сатып аламын, — дейдi.

— Одан көп беретiн адам бар ма?

— Мен екi динар беремiн, — дейдi бiреу.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екi динарды әлгi кiсiге берiп:

— Бiр динарға отбасыңа жейтiн бiр нәрсе ал, бiр динарға балта алып, маған кел, — дейдi. Оның алып келген балтасын Аллаһтың елшiсi (с.ғ.с.) өз қолымен саптап берiп:

— Ендi таудан отын кесiп әкелiп сат. Он бес күндей сенi бұл жерден көрмейтiн болайын, — дейдi.

Ол адам он бес күннен кейiн келедi. Он бiр динар тауып, жартысына тамақ, жартысына киiм алған екен.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

— Осылай енбектенiп, тапқаның қайыршылық жасаудан әлдеқайда артық. Қолыңнан iс келе тұра тiлемсектенiп, бiреулерден жәрдем сұрау ақыретте жүзiңе қара дақ болып жағылады, — дедi.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2021 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.