Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Неге аң патшасы арыстан?
16:29, 10 қараша 2016

Неге аң патшасы арыстан?


Арыстан ең мықты жануар емес. Ең шапшаң да, ең епті де, ең үлкен де, ең ақылдысы да ол емес. Онда неге арыстанды аң патшасы дейміз? Мысықтұқымдас жануардың сонша не құдіреті бар?

Көздеген жемтігін құрығына түсіріп, қанжығасы майланғанда ақырып, айбат шегетін жалғыз арыстан ғана, оны мойындаймыз. Осы қасиеті үшін ғана аң патшасы деуге бола ма?

aristan-2

Оның сырт келбеті, тәжге ұқсайтын сәнді де қайратты жалы, падишалық өңі, тәкаппарлана қарағаны – осының барлығы патшаға тән теңдессіз маңғаздық, кербездік, байсалдылық пен сенімділікті көрсетеді.

Оның патшалық түрі қандай айбатты болса, дауысы да сондай жан шошырлық. Әсіресе түнгі тыныштықта ақырған кезде, жер беті дірілдеп кетеді. Ол сегіз километр қашықтықта жүрген тіршілік иесіне де анық естіледі.

Отбасылық тәртібі. Жыртқыш аңдар арасында бірлесе өмір сүруден арыстаннан асатын жануар жоқ. Еркегі – отбасының қорғаны. Ол балалары мен ұрғашысының бар жағдайын жасап, азықтандырып, қамқорлығына алады.

aristan-3

Патшалыққа келер болсақ, бір арыстанның «билікте» отырар уақыты ұзаққа созылмайды. Ары кетсе 2-3 жылдан кейін қартайып, қайраты азая бастағанда, басқару ісі «мұрагерлік жолмен» келесі ұрпаққа қалдырылып отырады.

aristan-4

Арыстан — жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аңдардың бірі. Орта африкалық тұқымы шамамен350 фунт (160 килограмм) тартады, ұзындығы шамамен 8.5 футқа (2.6 метр) жетеді. 1936 жылы Оңтүстік Африкада 690 фунтты (313 килограмм) құрайтын арыстан атып алынған. Бұл жануар айтарлықтай салмақты еді, мұндай түрі табиғатта енді кездеспесе керек.

massaget.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.