Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Жалқаулықты жеңетін 10 тәсіл
16:05, 10 қараша 2016

Жалқаулықты жеңетін 10 тәсіл


Жалқаулық адам бойын билеп алса, одан арылу оңай болмас. Дегенмен оны жеңуге болады. Қалайша дейсіз ғой?

Онда біздің кеңестерге құлақ түріңіз:

1. Өзіңізді аямаңыз. Сәл аяғаныңызды біліп қалса, жалқаулық желкеңізден түсе қоймас.

2. Атқаратын жұмыстардың тізімін жазыңыз. Жалқаулық дендеп бара жатса, тізімдегі бірінші жұмыстан бастаңыз. Әрине, алғашқы кезде қиынырақ болады. Бірақ, жұмысқа алданып кетесіз.

3. «Ертең» деген сөзді ұмытыңыз. Бүгін бітетін істі ешуақытта ертеңге қалдырмаңыз. Еріншектің ертеңі бітпес.

4. Көңіл сергітіңіз. Көшеге шығып таза ауада жүріңіз. Үйдің ауасын тазартыңыз.

5. Мұңаймай, ашық-жарқын жүріңіз. Таңертең жүгіріңіз, дене шынықтырумен шұғылданыңыз. Дұрыс тамақтанып, уақытылы демалыңыз.

6. Әр жаңа күніңізді жоспарлаңыз. Сізде ешқандай бос уақыт болмауы керек. Бос уақыт пайда болса, жалқаулық бірден өз ісіне кірісетінін ұмытпаңыз.

7. Әйелдерге: үй шаруасымен айналысыңыз. Үй шаруасы ешуақытта бітпейді. Бұл жалқаулықты жоюдың алғышарты.

8. Кешке қонақ шақырыңыз. Бұл да жалқаулықтан құтылудың бір тәсілі. Үйіңізді жинамай, тағам дайындамай, қалай болса солай қонақ күтпейтін шығарсыз?!

9. Өміріңіздің құнды екенін еске алыңыз. Әрбір сағат, әрбір минут, әрбір секундын бағалаңыз. Оның ойламаған жерден аяқталатынын есте сақтаңыз!

10. «Уа, Аллаһым! Мені жалқаулықтан арылта гөр», — деген дұғаны үнемі айтуды ұмытпаңыз.

Осы тізімді басынан аяғына дейін істей алған адамға жалқаулық атаулы жоламас! Іске сәт!

anabol.kz
Материалға сайтымыз тарапынан толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.