Сонау ғасырлардан бері ата-бабаларымыздың салт-жоралғыларында, ырым-тыйымдарының ішінде үнемі жолығып отыратын тақырып, кеш батысымен тағамның бетін ашық қалдырмай жабу. Тіпті, халық сенімінде түнде беті ашық қалып кеткен тағамды жеуге болмайды, себебі оған шайтанның аузы тиген деген пікір қалыптасқан. Бұл туралы Хақ елшісі (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын):
«Қараңғы түсе бастаған кезде балаларыңызды сыртқа шығармаңыздар. Себебі, сол кезде шайтандар шыға бастайды. Түн болған кезде сыртта жүрген балаларыңызды үйге кіргізіп, «бисмиллаһ» деп есіктеріңізді жабыңыздар. Себебі, шайтандар жабық есіктерден кіре алмайды. «Бисмиллаһ» деп табақтарыңыздың үстін де жабыңыздар. Шырақтарыңызды сөндіріңіздер[1]», – деген.[2]
[1] Муслим, Әшрибә, 15
[2] «Хадис – ғұрпымыз, сүннет салтымыз» кітабынан.