Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
«Жүсіп» сүресінен алынар ғибраттар мен пайдалар
20:46, 18 қазан 2016

«Жүсіп» сүресінен алынар ғибраттар мен пайдалар


«Аса қамқор, Ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын. «Әлиф-ләм-ра» (Ұғымын Алла біледі). Бұлар ап-айқын Құранның аяттары. Расында біз мұны Арапша Құран түрінде түсірдік, әрине түсінерсіңдер. (Мұхаммед (с.ғ.с.))  саған бұл Құранды уахи етуімізбен өзіңе қиссалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде сен бұдан бұрын (әрине бұл қиссадан) хабарсыз едің. (Сол Уақытта) Жүсіп (а.с.) әкесіне: «Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, барлығы маған сәжде қылғанын көрдім» деді. (Әкесі (Жақұп (а.с.)): «Әй балақайым! Түсіңді туыстарыңа (бауырларыңа) айтпа! Егер олар бұл түсің жайлы білсе саған бір айлакерлік жасар. Расында Шайтан адам баласына ашық дұшпан», — деп айтқан.

  • Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Бала неге бейімделетін болса, сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Балаларға иман, Құран Кәрім және Аллаһ Тағаланың әмірлерін үйретіп сонымен жүруге дағдыландырса, игілікті ата-ана болады. Олардың  жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез-келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Сондықтан дүние бақытына қауышады. Бұл бақытқа, сауапқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады. Егер балаға бұларды үйретпесе және бұларды әдетке айналдырмаса ол бала бақытсыз болады. Әрбір жасаған жамандықтарының күнәсі ата-анасына, ұстазына да жазылады.
  • Әке мен бала арасындағы  байланыстың күштілігі, баланың кез келген проблемаларын әкеге айту қажеттілігі. Әке балаларын тәрбиелеу барысында олардың ішіндегі зейіндісін, ілімге құштар болған біреуін байқаса, оған көбірек назар аударып көңіл бөледі. Имам Ахмад «Муснад» атты кітабын балаларына үйреткенінде қызына қарағанда ұлы Абдулла ілімге өте құштар болып шықты, соған орай әкесі Абдуллаға «Муснадты» үйретуде көбірек көңіл бөлді.
  • Жақсы түс Аллаһтан болады, әрі Жүсіп хақиқи түс көрді. Абу Сағид Ал Худри Аллаһ Елшісінен естігендігін былай деп айтқандығын «Жақсы түс пайғамбарлықтың қырық алты бөлігінің бір бөлігі» деп жеткізді. [4; 798 бет] Бұндай түстер пайғамбарларға қатысты және уахидің алғашқы кездері. Пайғамбарлардың түсі хақ. Мысалы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің түсі Ыбырайым, Ысмағыл (а.с.)-ның түстері секілді түстер.
  • Әрі мұсылманның кейбір түстері ақиқи. Көрген түсті жақсылыққа жору, жаман түсті айтпай, оны ұмыту, жорудың қажет еместігі.
  • Бала үшін әкесінен артық насихатшының һәм ақылшының болмауы, әке үшін тәрбиешілік міндетінің маңыздылығы. Баланың әкесіне әкешім, әкетайым деген сөз әдебін, сондай-ақ әкенің де баласына балақайым деп шақыру әдебін ұстануы.
  • Бала мен ата-анасы арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасу үшін балаңыздың айтып келген әрбір хабарына, ойына, түсіне көңіл бөліп тыңдау. Балаңызбен ақылдасар сәтте оған арнайы уақыт бөліп, серуен, дәмханада тамақтану немесе сая бақта қыдыру секілді сәттерді пайдаланған жөн. Олардың пікірін бастан аяқ байыппен тыңдау қажет. Жоғарғы аятта көріп отырғанымыздай, Жақұп пайғамбар ұлының түсін басынан-аяғына дейін зейін қойып тыңдап, сол жайлы өз пікірін білдіреді. Бұдан алар сабағымыз, бізде ата-ана ретінде баламыздың бізге айтпақ болған нәрселерін құлақ салып тыңдап, оның да пікірін сұрап, сосын бірге ақылдасып шешкенде, баланың бойында ата-анасына деген құрметтің арта түсері анық.
  • Баланы ертеңгі күнге дайындау. Балалардың қоршаған ортасын есепке ала отырып, жасына, деңгейіне, білімі мен танымына сай оның тәрбиесін қолға алу. Мұның маңызды жағы бар, балаға айтпақ болған мәліметіміз оның жасына сай әрі келесі кезеңнің де талаптарына жауап бере алатындай, оның алға басуына септігін тигізетіндей болуы керек. Өйткені, ол өзі өмір сүрген уақытты онсыз да көріп-сезе алады.
  • Әке балаларының арасын шамасы келгенше бөлмей  тәрбиелеу керек. Тіпті, оның біреуі соған лайықты болса да, егерде оны басқалары байқаса зиянын тигізуі ықтимал.  Хусайннан, Амирден жеткен хадисте Нұғман ибн Башир мінберде тұрып айтқандығын естідім: «Әкем маған сыйлық бергенді, сонда Рауаха қызы Амра келіп Аллаһ Елшісі бұған куәгерлік етпейінше разы емеспін деді. Аллаһ Елшісі келді, әкем маған сыйлық бергендігін айтты, ал Рауаха Қызы Амра оған сіз куәгерлік етпейінше разы еместігін білдірді. Аллаһ елшісі басқа да балаларыңа бердің бе деп сұрады?! Әкем жоқ дегенінде Аллаһтан қорық, балаларыңның арасын әділдікпен қара — деді. Кейін әкем оралып сыйлықты қайтарып алды«. [4; 406 бет] Хадистен түсінетініміз мұсылман әйелдің ақылдылығы, күйеуі сыйлықты балаларының арасында теңдей бөлмейінше разы еместігін білдіруі.
  • Әкенің балаға жамандықтан жаман ниетті кісілерден сақтана алу қабілетін дамытуы, өмірге, болашаққа, адамдармен қарым-қатынас орнатуда дұрыс бағыт беріп отыруы. Құран Кәрімде өзімізді және жанұямызды отыны адамдар мен тастардан құралған тозақ отынан сақтауымыз әмір етілген. Елу, жүз жылдық қысқа ғана өмірімізде бала-шағамызды дүниелік пәлекеттерден қорғау үшін қалай тырмысып жатқан болсақ, мәңгілік пәлекетке душар етпеу үшін де ахиретін дәл солай қорғауымыз керек. Әкенің баласын тозақ отынан сақтауы – дүниелік оттан сақтаудан да маңызды. Тозақ отынан қорғау – иман, фарз, харамдарды үйрету арқылы, ғибадат жасауға дағдыландыру және жаман достардан, зиянды баспалардан қорғау арқылы жүзеге асады.
  • Аллаһтың нығметі мен рахымы жайлы айтып отыру, нығметтің әр түрлі болуына қарай оны жасырып айтпауға рұқсат етілгендігі.  «Қажеттіліктеріннің табысты болуына оны жасырумен өздеріңе жәрдем сұраңдар. Расында әр нығмет иесі – көре алмаушылықта». Қай кезде жасырамыз?! Егерде сол нығметті жария қылғанда, біреудің қызғанышы оянып сізге зиянын тигізетін жағдайда.
  • Жаратушы Иеміз Өзінің нығметтеріне, ризық несібесіне қанағат етіп жүретін құлдарын жақсы көреді. Өйткені Жаратқанның берген ризығына шүкірлік ету иманның ажырамас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, Аллаһ Тағала Өзіне күпірлік қылмауға, шүкірлік етуге бұйырған. Бұл жөнінде Құранда: «Мені естеріңе алыңдар, сонда Мен сендерді де есіме аламын. Маған шүкіршілік етіңдер, күпірлік етпеңдер» делінген. «Бақара» сүресі, 152 аят. Ендеше, Жаратқанның берген өміріне, денсаулығына, материалдық және рухани байлықтарына алғыс білдіріп, лайықты түрде шүкірлік қылу әрбір пенденің міндеті.
  • Кездескен жағдайларға сай шайтанның айлаларынан сақтану жолдарын үйрету әрі жақсылыққа үгіттеу, дініміздің басты негіздерінің бірі оны сақтап аман алып қалудың тірегі-жақсылыққа үндеп жамандықтан қайтару.
  • Аллаһ Тағала құлдарының ішінен қалағанын таңдап, сұрыптайды. Аллаһ Тағала Құранда «Аллаһ қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда еш ерікте болмайды», — деп айтады, «Қасас» сүресі, 68 аят. Және де: «Негізінен Аллаһ Адам мен Нұхты (а.с), Ыбрайым (а.с) мен Ғимранның жұрағатын әлемдерге ардақты қылды». «Ал Имран» сүресі, 33 аят. Мысалы сізді қатты зат емес адам етіп, оның ішінде ілім иелерінен қылды. Тек ілім іздеуші емес сол ілімге халықты шақырушылардан етті. Мұсылман үшін ілім алу, білімді болу ғибадатының кемшіліксіз орындалуына жол ашады.  «Сендердің араларыңда мынадай жамағат болсын, олар басқаларды игілікке шақырып, жақсылыққа үндесін, Жамандықтан тыюға тырыссын. Міне, осылар нағыз мақсатына жеткендер» делінген. «Ал-Имран» сүресі, 104 аят.

Жалғасы бар…
«Жүсіп» сүресінің 100 пайдасы
кітабынан


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.