Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Медина қаласындағы тарихи мешіттер қайта қалпына келтірілмек
22:12, 17 октября 2016

Медина қаласындағы тарихи мешіттер қайта қалпына келтірілмек


Меккеден кейінгі қасиетті қала Мединадағы тарихи ескі мешіттерді жаңалау жұмыстары қолға алынуда. Жасалған жоспар Сауд Арабия каролі Салман ибн Абдулазиздің келісімімен бекітілді. Айта кету керек, Медина қаласындағы тарихи мешіттерді жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстары Каролдіктегі барлық қалаларда да жүзеге асырылатын істің басы болмақ. Аталған жоба аясында каролдік аймағындағы 100-ден астам мешіттер қайта қалпына келтірілетін болады. Бұл маңызды әрі сауапты іске елдің барлық тұрғындары өз үлестерін қосуға мүмкіндік жасалған. Сондықтан да, САК билігі арнайы қайырымдылық қорын құрды. САК туризм және ұлттық құндылықтар комиссиясының президенті, ханзада Сұлтан ибн Салман өз сөзінде: «Біздегі ақпаратқа сәйкес ел аумағында 1000-нан астам қараусыз мешіттер бар. Сондықтан, бұл қолға алынған бастама өте маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселе», – деп жобаның маңыздылығына назар аудартты.

islamtoday.ru


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2020 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.