Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Алланың құдіреті! Таңқаласың…
21:45, 17 қазан 2016

Алланың құдіреті! Таңқаласың…


Менің ойымша бұл бейнені барлық жан көруі қажет. Мұны көрген сәттен бастап оқыған намаздарым басқаша әсерге бөлене бастады. Раббыма деген ұмтылысым күшейе түсті. Дәл сол сәттен бастап ұғына бастадым Раббымды. Көптеген адамдар Алланың құдіретіне ой жүгіртпейді, ал осы бейне Оның қандай күш пен құдіретке Ие екендігін көрсетеді. Ең бастысы, ең кішкене жаратылыс масаның көзі мен алып жұлдызды жарату Алла тағалаға еш қиындық туғызбайды. Ол тек қана «Бол!» дейді, жоқ нәрсе бар бола қалады. Міне, сондықтан да қандай күнә жасадым деп емес, ол күнәні Кімнің алдында жасап тұрмын деп ойланыңыз. Біз адамдар жан-жағымыздағы айналып жатқан құбылыстардың ешқайсысының қадіріне жеткен емеспіз. Сәл ғана қиындықпен сыналсақ, ондай қиыншылық ешкімнің басына берілмеген жандай аза тұтамыз. Тоқтаңыз бауырым! Кідіріс жасаңыз да, осы бейнені тағы бір мәрте көріп шығыңыз. Мына ғаламның жанында СЕН – кішкентай адамсың! Бірақ, сол күйімізге қарамастан Алла тағала дәрежемізді көтеріп, адам етіп ардақтады. Сондықтан да, Оның қадіріне жетіп, Оған бойсұнуың міндетті. Тыйғанынан тыйылып, бұйрықтарын бұлжытпай орындауың қажет. Алла – миллиардтаған тіпті, триллиондаған жұлдыздарды жаратқан. Ол бүкіл нәрсенің сырын біледі. Ол сенің қиындықтарыңды, халіңді сенен артық біледі. Міне, осы үшін де Аллаға беріл, тәуекел ет!


Талқылау: 1 пікір бар
  1. Ақылбек:

    Аллаһ Тағаланың құдыретi шексiӡ ғой!

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.