Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Жол жүру ережесін бұзу күнә ма?
20:03, 16 қыркүйек 2016

Жол жүру ережесін бұзу күнә ма?


Ассалаумағалейкум! Жол жүру ережесіне байланысты шариғатта не айтылған? Бағдаршам, жылдамдық белгілері және т.б. ережелер жайлы дініміздің көзқарасы қандай? Қазақ

Уағалейкумассалам уа рахматулла!

Жол жүру ережесін сақтау – жаяу жүргіншіге де, көлік жүргізушісіне де ортақ міндет. Жол жүру ережесін бұзу мемлекет заңына да, мұсылмандық шариғатқа да қайшы. Өйткені, бұл адамның өміріне қауіп төндіреді және кісінің мүлкін бұзады. Жол жүру ережесі Құран және хадисте ашық айтылмағаны рас. Алайда, әкімшілік жүйе – заң. Бұл заңда Алла тағала харам еткенді адал және адал еткенді харам ету жоқ. Және жалпылама шариғатқа қайшы заң емес.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жолда отырудан сақ болыңдар,-дейді. Сонда: Уа, Алла елшісі! Біз тек жолда әңгімелескеніміз болмаса, басқа еш нәрсе істемейміз-дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Жолда отыратын болсаңдар, ақысын беріңіздер,-деді. Ададмдар: жол ақысы не?,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Көзді төмен салу, зиян тигізбеу, сәлемге жауап беру, жақсылыққа шақыру және жамандықтан қайтару[1]», – деген.

Хадисте тағы: «…Адасып жүрген кісіге жол көрсетіп жіберу садақа… Жолдағы тас, тікен және сүйекті алып тастау садақа…[2]», – деген сөздер бар.

Осыған орай жол үстінде жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісі төмендегі қағидаларды басшылыққа алғаны жөн.

1.Жолда байсалдылық;

Көптеген жол апаты адамдардың жолды кесіп өтуде немқұрайлығы себебінен болса, көлік жүргізушілерінің жүргінші жолағына мән бермей зуылдап өте шығуының да салдарынан болып жатады.

2.Дауыс бәсеңдігі;

Құлақтықпен (наушник) ән тыңдап бара жатқан жаяу жүргінші өте қауіпті. Сонымен бірге, көлігінде радио қабылдағыштың дыбысын жоғары етіп қойған жүргізуші де апат жағдай тудырады.

3.Көзді жаман көріністен сақтау;

Жолда бейәдеп көріністерден көзді сақтау қажет. Мәселен, жүргізушінің басқа көлік ішіндегі қыз-келіншектерге қарай беруінің соңы қайғылы жағдайға ұрындыруы мүмкін. Сондай-ақ, жаяу жүргіншінің де көшеде және қоғамдық орындарда қыз-келіншектерге бейәдептілікпен қарай беруіне болмайды.

4.Зиян тигізуден аулақ болу;

Сусын және тамақ қалдықтарын жол бойына тастауға болмайды. Әбу Бараза (р.а.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) пайдалы іс үйретуді сұраған кезде: «Мұсылмандардың жолынан зиянкесті алып таста[3]», – деген екен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мен адамдарға кедергі еткен жол бойындағы ағашты кескені үшін жәннатқа кірген адамды көрдім[4]»,– деген екен.

5. Жол – көпшіліктің меншігі;

Жол жалпы қоғамның игілігі үшін болғандықтан, адамдар бір-бірін құрметтеуі және зиян тигізбеуі керек. Жолды және жол бойын ластамау, шамдар, орындықтарды ұқыпты пайдалану. Сол себепті де, намаз ғибадат болғанымен, адамдарға кедергісі тиетіндіктен жол бойында намаз оқуға тиым салынады.

6.Жол қауіпсіз болуы қажет;

Жол тәуліктің кез келген уақытында, әсіресе, түнде адамдар үшін қауіпсіз болуы керек. Жолда адамдарды қорқытып, олардың заттарын тартып алу сияқты жайт үлкен күнә болып табылады.

7.Қауіпсіздік белбеуі;

Біз мұсылман ретінде амандық пен қауіпсіздік бір Алланың қолында екеніне иман етіп, «Алла тағала ең жақсы қорғаушы (Хафиз) және ол ең мейірімді» дейміз. Алайда, шариғат әрбір істің себебін орындауға әмір етеді. Ал, жол жүру тәжірибесі қауіпсіздік белбеуі көлік апаты кезінде жүргізуші мен жолаушылардың өмірін сақтайтындығын көрсетуде. Сондай-ақ, көлікке отырғанда және ұзақ сапарға шыққанда оқитын дұғалар оқып, қауіпсіздік ережелерін ұстанғаны жөн.

Қорыта айтқанда, жол жүру ережесін сақтау шариғат талабы. Бұл ереже жолда жүруді жүйелеу үшін мемлекет тарапынан бекітіледі. Ал, мұсылман басшыға бағынуға міндетті. Бұл ережелерге қатысты «Мұсылман мемлекет тарапынан бекітілген жолда жүру ережесіне қайшы келуіне болмайды.

Muslim.Kz


[1] Муслим, 1212
[2]Тирмизи, 891
[3] Муслим, 2618
[4] Муслим, 1914
[5] Фатауа Исламия, 4/536

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.