Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Әлеуметтік желідегі таныстықты шариғат құптай ма?
12:35, 16 қыркүйек 2016

Әлеуметтік желідегі таныстықты шариғат құптай ма?


Ассаламу алейкум! Әлеуметтік желіде қызбен бала танысуға, сөйлесуге бола ма? Үкімі қандай? Мағжан Рыскелді
Ассаламу алейкум! Бөтен ер жігіт пен қыз баласының фейсбук арқылы тілдесуі, хат алмасуына болады ма? Ербол

Уағалейкумассалам уа рахматулла!
Қазіргі таңда қоғамымызда, әсіресе, жастар арасында әлеуметтік желі пайдаланушылары өте көп. Әрине, әлеуметтік желінің жұмысымызды жеңілдетіп, ақпарат алмасуға, белгілі бір жайттарды талқылап-сараптауға, көмек сұрауға келгенде тигізер пайдасы бар. Әріптестер жұмыс бабымен студенттер оқуға қатысты өзарасында қажетті құжаттар мен материалдарды жылдам жөнелтуде таптырмайтын құрал.

Сонымен бірге, әлеуметтік желінің зияны да баршылық. Көп кездесетін жайт – бөгде еркек пен әйелдің танысу және сөйлесу үшін пайдалануы. Бейәдеп суреттерін жеке парақшаларына салуы. Мұның залалы өте көп. Осындай хат және сурет алмасу салдарынан көптеген неке бұзылып, отбасылардың ойраны шығуда.

Сондықтан әлеуметтік желіні әдеппен қолдану қажет. Әлеуметтік желі арқылы тілдесулерде де бетпе-бет кездесулердегідей белгілі талаптар сақталуы керек.

1.Зәрулік жағдайында рұқсат етілетіндей тек қажетті сұрақтармен шектелу. Мәселен, сауда-саттық жасау кезіндегі сөйлесу сияқты.

2.Сөйлесу барысында аса салмақтылық, ой тазалығымен бірге әзіл-қалжың аралас бос сөздер болмауы керек. Сөздерді қолдануда әдеп шеңберінен асып кетпеу.

Құран Кәрімдегі: «… қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлдекім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер[1]» деген аят тілдесуге емес, қылымсып сөйлеуге тиым етіп тұр;

3.Сөйлесушілер бір-бірінің ар-намысын құрмет ету. Бейәдеп және ашық суреттерді салмау;

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шын мәнінде шайтан адамның қан тамырымен жүреді[2]»,-деген.

Muslim.Kz


[1] Ахзап сүресі, 32-аят
[2] Бұхари

Талқылау: 2 комментария
  1. нурик:

    Бөгде еркек мен деп емес еркек пен деп жазыңыз ұлттық рұхани ағарту парталы Атыңызға затыңыз сай болсын

    Ответить
  2. Алла тағала разы болсын бауырым! Қателік ескеріліп, жөнделді…

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.