Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Ең бай адамдардың қатарына қосылғың келе ме?
16:55, 03 октября 2016

Ең бай адамдардың қатарына қосылғың келе ме?


Бүгінгі күні таңның атуы, күннің батуымен дүние табудың соңында жүрген адамдардан көз шалынады. Кімге назар салып қарасаңыз да барлығы асығыстық үстінде. Ойлануға да мұршалары жоқ. Егер тоқтатып сұрар болсаңыз: «Қайда асығасыз?» – деп, жауап біреу: «Бала-шағаның қамы, қу тірлік. Тапқанымыз тамақтан артылмайды, содан кейін бірнеше жерден нәпақа іздеп жүрміз», – дейді, өмірге өкпелі үнмен. Бұл орта жастағы жандардың айтар уәждері.

Ал, енді университет қабырғасында білім алып жүргендерге көз салсаң, қолдарындағы ұялы телефонмен немесе компьютерлері арқылы ашып қарап отырғандары (біршамасында) «Қалай баюға болады?» деген тақырыптағы ақпараттар. Демек, біздің қозғағалы отырған тақырыбымыз барлық адамдар үшін маңыздылығы зор екеніне көз жеткіздік.

Демек, әлемдегі ең бай адамдардың қатарынан орын алғыңыз келе ме? Олай болса:

Біріншіден, мына қарбалас дүниенің тіршілігінен бір сәтке болса да үзіліс алып, ойланыңыз. Дүниедегі байлықтың шынайы Иесі кім екеніне нақты көз жеткізіңіз? Егер жауапты тапқан болсаңыз, Онымен байланысыңызды жөндеңіз алдымен. Себебі, Ол ғана сізге берекет есіктерін ашып беретін.

Екіншіден, қолыңа түскен ақшаңның еселеп өскенін қаласаң, кішкене болса да жан-жағыңдағы міскіндерге садақа беріп тұр. Білем! Түсінем! Оларды көрген кезіңде ойлауың мүмкін – шіркін-ай, осындай жандарға бай болсам көмектесер едім, – деп. Бірақ, қолыңда барды қазір бөліп беруді үйренбесең, ертең қалта үлкейген кезде бере алмайтын боласың. Бұл заңдылық.

Үшіншіден, әрбір таңды атырған сайын сені және барлық әлемді жоқтан бар етіп Жаратқан Жалғыз Раббымыз Аллаға шүкір ет. Оны қалай жасаймын дейсің бе? Таңның азаны шақырылған кезде, дәретіңді алып, намазға тұр. Себебі, әрбір таң ризық берекесінің үлестірілетін сәті. Шариғат сөйлеген бұл ақиқатты тереңнен түсінген бабаларымыз: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық…» – деп дөп басып айтып өсиет қалдырған.

Төртіншіден, қай салада қызмет атқарсаң да, күнделікті жұмысыңызға шығар алдын ниетіңізді жөндеп алыңыз. «Аллаһым, расында Саған ғана құлшылық етіп, Сенен ғана жәрдем тілеймін. Барлық мақтау да, мадақ та Саған тән. Көктер мен жердегі барша мүліктің Иесі жалғыз Сенсің. Өзіңе тәуекел еттім. Сенің есіміңмен бастадым. Бүгінгі ризығымды берекелі етіп жолықтыра гөр. Өзің разы болған әрі Сенің әмірлеріңді орындауға және қажетіме жеткілікті адал ризық нәсіп ет!» – деген мағынадағы дұғаны ұмытпай айтып жүріңіз.

Жалғасы бар…
Әзірлеген: Ж.Кершеев


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2020 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.