Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Ыстық шәйді неге үрлеуге болмайды?
17:29, 29 қыркүйек 2016

Ыстық шәйді неге үрлеуге болмайды?


Тамақтану кезінде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған тағы бір нәрсе жақында ғана ғылыми дәлелін тапты.

Адам ағзасында зиянды микробтармен күресетін пайдалы бактериялар өмір сүреді. Солардың бірқатары адамның тамағында (жұтқыншақ) шоғырланған. Адам ыстық асты суыту үшін үрлегенде тамақтағы бактериялар деммен бірге ыстық асқа түседі. Ыстық бумен араласып, әлгі пайдалы бактерияларымыз зиянды бактерияларға айналып, асқазанымызға қайта түседі. Ол гастрит, язва (ойық жара) сияқты асқазанның ойық жараларының пайда болуына себепкер болады, сондай-ақ асқорыту жүйелерінің зақымдануына әкеп соғады.

Ал Ибн Аббас (р.а.) былай деген:

«Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ыдыстың ішіне дем алуға немесе үрлеуге тыйым салды» (Тирмизи, әшрибә 15).

islam.kz


Талқылау: 2 комментария
  1. нурик:

    Пайғамбар (с.ғ.у.)сонда ыдысқа дем салмағанба сонда

    Ответить
  2. Ыдысқа құйылған суға дем салған, бірақ ешбір хадисте ыстық буы шығып тұрған суға дем салды дегені келмейді. Керісінше, буы шығып тұрған суды және тамақты үрлемеңдер деген бұйрығы жеткен.

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.