Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылман ғұламалары жұма намазында Алеппо үшін дұға етуге шақыруда
12:41, 29 сентября 2016

Мұсылман ғұламалары жұма намазында Алеппо үшін дұға етуге шақыруда


Мұсылман ғұламаларының Халықаралық Одағы алдымыздағы жұма намазында Сирия халқына, оның ішінде Алеппо тұрғындарына қолдау білдіріп, дұға етуге шақыруда.

Айта кетейік, тек соңғы апта ішінде Алеппоға жасалған әуе шабуылдарының кесірінен 400-ден астам тұрғын қаза тапқан. Ал, жарақат алғандарының саны тіптен көп. Кеше ғана сайтымызда жариялаған жаңалығымызда Алепподағы соңғы балалар ауруханасының да жермен-жексен болғанын айтқан едік.

Ғұламалар Одағы «еш әрекетсіз отырған әлемдік қауымдастықтың көзінше құрып бара жатқан» Алеппо тұрғындарына қолдау көрсетудің маңызды екеніне баса мән беріп отыр. Одақтың бас хатшысы Әли әл-Карадаги алдағы жұма уағыздарында барлық мұсылман мемлекеттерін осы тақырыпты қозғап, дұға жасауға үндеп отыр.

Ресми деректер бойынша, Сириядағы соғыс басталғалы 470 мың жан қаза тапқан көрінеді. Алайда, бұл тек ресми деректер ғана екенін ескертеміз.

muslim.kz


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2021 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.