Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Құран мұғжизалары: Ауыздағы бактерия
7:43, 01 мая 2020

Құран мұғжизалары: Ауыздағы бактерия


Адамның денесіндегі ең лас жері – оның ауызы деген сөзді естігенсіздер ме? Расында да бұл сөздің жаны бар. Ауыз қуысындағы микроағзалардың саны 700-ге жетеді. Оның ішінде тек 50 шақтысы ғана нақты зерттелген екен. Олардың басым бөлігі сапрофит-комменсалдар болып табылады. Комменсализм дегеніміз – екі тірі ағзаның өзара арақатынасы, яғни бірінші ағза екіншінің есебінен өмір сүруі болып табылады. Симбиоз деп атасақ та жарасады. Демек сапрофит-комменсалдар адамның есебінен өмір сүреді. Ауыз қуысы оларға өте қолайлы, жып-жылы, үнемі қоректік заттар түсіп отырады.

Негізінен сапрофиттердің адам денсаулығына зияны аз деп айтылады. Алайда ауыз қуысындағы микроағзалардың ішіндегі зиянды және зиянсыз түрлерінің арасында нақты белгіленген шекара жоқ. Ал олардың түрлері әртүрлі: шар тәрізді, таяқша секілді, сопақ, шиыршық, жылан тәрізді, жүгері собығына ұқсайтындары бар. Әзірге олардың ішіндегі ең зияны стрептококк бактериясы деп мәлімделінді. Ол тек адамның тісінде өмір сүреді. 1956 жылғы зерттеуге сәйкес ол сүт қышқылын бөлу арқылы қантты ұсақтап, тістің жылтыр қабығын жеп тісжегі/кариеске алып келетіндігі анықталды.

Соңғы кездердегі зерттеулерге сәйкес стрептококк бактериясының іздері адамның басқа да ағзаларында кездесетіндігі анықталды. Мысалы жүрекке еніп, миокард инфарктісіне алып келеді. Бұған дейін миокардтың басты себебі холестериннің жоғары көрсеткіші, аз қозғалу, зиянды әдеттер деп есептелініп келді. Сондықтан тісті жиі тазалау керек. Ауру тудырғыш микроағзалар ауыздың ішіндегі жаралар арқылы қан жүйесіне еніп, денеге таралады. Мысалы қызыл иектің қанауы кезінде енеді. Ауыз қуысының тазалығы сақталмауының салдарынан ревматизм, ірің аурулары, тіпті қатерлі ісік пен тоқ ішектің қатерлі ісігі пайда болуы мүмкін.

Йәсин сүресі, 36 – аят: «Сондай пәк Алла, жерден өсетін барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты, олардың өздерін де және *олардың білмегендерін де». (36:36)

Нахл сүресі, 8 – аят: «Ол жылқыларды, қашырларды және есектерді мінулерің үшін әрі зейнет үшін жаратты. Және Ол сендердің білмеген нәрселеріңді де жаратты». (16:8)

Сәбә сүресі, 3 – аят: «Қарсы болғандар: “Бізге қиямет келмейді” деді. Айт: “Олай емес, көместі білетін Раббыма ант етемін! Әлбетте сендерге ол мезгіл келеді. Көктерде де, жерде де тіпті тозаңның түйірінің салмағындай нәрсе болсын Одан тасаланбайды, – мейлі одан үлкені де, мейлі кішкенесі де. Мұның барлығы айқын Кітапта бар». (34:3)

Йунус сүресі, 61 – аят: «Жердегі және көктегі ешнәрсе сенің Раббыңнан жасырылмайды, тіпті ол тозаңның салмағындай болса да, мейлі одан кішкенесі де, мейлі үлкені де. Мұның барлығы – айқын Кітапта». (10:61)

Алла өзінің кітабында микроағзалардың тіршілігі туралы анық хабар беріп тұр. Өз кезегінде Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл көзге көрінбейтін микроәлемнің тіршілігі туралы білдіріліп, олардың зияны туралы егжей-тегжейлі баяндалады. Осыған сәйкес гигиеналық сүннеттік амалдары кездеседі.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер кімде-кім су ішетін болса, ыдыстың ішіне дем шығармасын. Егер ол тағы бір жұтым жасағысы келсе, ыдысты аузынан алыстатып, тыныс алып барып ішсін», — деп айтқан (Хаким, №41080).

Ибн Аббас (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан тамаққа да, суға да үрлемеген және ешқашан ыдысқа дем шығармаған», — деп айтқан (Ибн Мәджә).

Хадистен түсінгеніміздей ыстық тамақты суыту үшін, үрлеуге қатаң тыйым салынған. Себебі ауыз қуысындағы бактериялар мен микробтар ыстық тамаққа араласып, қауіпті түрге айналып қайтадан ішке кіреді. Тамаққа үрлеу былай тұрсын, микробиологтар ашық жараға үрлеуге тыйым салады. Егер жараға ауру тудырғыш бактериялар түссе, жараның жазылуы созылып, іріңді ісік пен қанның бұзылуы басталады.

Тіс пасталары тек XIX ғасырдың ортасында пайда бола бастады. 1892 жылы Вашингтон Шеффилд есімді тіс дәрігері тіс пастасына арналған түтікті ойлап тапты. Ал 1896 жылдан бастап Уильям Колгейт (William Colgate) есімді кәсіпкер түтік ішіндегі тіс пастасын өндіре бастады. Содан кейін ғана тіс тазалау дәстүрі қалыптасты. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі) болсын өзінің үмметіне мисуакпен жиі тіс тазалауды 14 ғасыр бұрын өсиет етті.

Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) арқылы жеткен хабарда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мисуак қолданыңдар, ол ауыз тазалығына әрі Жаратушының разылығына себеп», — деп айтқан (Ахмад, Муснад №6/47).

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер үмметіме ауыр соғады-ау деп ойламағанымда, онда әр намаздың алдында мисуакпен тіс тазалауды бұйырар едім», — деп айтқан (Бұхари №887, Муслим №252)

Соңғы зерттеулерге сәйкес сәбидің ауыз қуысындағы микробтар алғашқы тісі шықпай тұрып, пайда болады. Мамандар әлі тісі шықпаған баланың қызыл иегін сүртіп, ауыз қуысының тазалығына әуел бастан мән беруге шақырады. Көп жағдайда микробтар ауыздан ауызға жұғады. Себебі көптеген аналар ботқаны үрлеп суытады немесе тамақты аузымен шайнап береді. Тіпті сәбидің ернін сүйген кезде де жұғады. Сол себепті сәбидің бір жасынан бастап стоматологиялық тексерістен өткізіп, жартылай дайын өнімдердің мөлшерін қысқартуды ұсынады.

Нәжм сүресі, 1-5 аят: «Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. Жолдастарың (Мұхаммед) адаспады да, ауытқымады. Ол (Мұхаммед) өз ойынан ешнәрсе қосып айтпайды. Оның айтқаны Алладан көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті (Жәбрейіл) үйретті». (53:1-5)

NAMYS TV


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2020 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.