Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Періште сізбен бірге намаз оқығанын қалайсыз ба?
22:31, 24 қыркүйек 2016

Періште сізбен бірге намаз оқығанын қалайсыз ба?


Дүйім жұртқа намаздың кіргенінен хабар беріп, барша мұсылманды намазға шақыратын азан мен намаздың алдында оқылатын қамад мүәккәд сүннет амал болып табылады.

Ер адам парыз намазды жалғыз оқығанда үйде болсын мейлі көпшілік жерде болсын азан айтып, қамад түсірген абзал. Азан шақырмастан қамад оқып, намаз бастауға болады. Алайда азансыз оқыған қамад мәкрүһ.

Азан мен қамад оқудың артықшылығын мына хадистен байқауға болады:

Сальманнан (р.а) рияуат етілген мына хадисте: «Кімде-кім намаз уақыты кіргенде шөл далада болса, дәрет алсын. Егер ол қамад қана түсіретін болса, онда онымен бірге екі періште намаз оқиды. Егер ол азан мен қамадты да оқыса, онда шеті-қиыры көрінбейтін бір топ періштелер онымен бірге намаз оқитын болады» , – делінген. (Әбу Дәуіт, ас-Сунан,IV / 381-382 )

ihsan.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.