Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Құран мұғжизалары: Шыбында қандай сыр жасырылғанын білесіз бе?
11:24, 13 қараша 2019

Құран мұғжизалары: Шыбында қандай сыр жасырылғанын білесіз бе?


Қарапайым үй шыбыны ең лас жәндіктерге жатады. Олар қоқыстар мен канализацияларда көп жүреді. Әртүрлі нәжістермен, жаралардан аққан іріңдермен және кез-келген шіріп жатқан балық, ет, жұмыртқа сияқты сұйықтықтармен қоректенеді. Олардың денелерінде кем дегенде 600 түрлі ауру тудыратын бактериялар кездеседі және оларды микроскопсыз көру мүмкін емес. Ол бактериялардан іш сүзек, дизентерия, тырысқақ, жұлын қабынуы, түйнеме, туляремия, алапес, туберкулез сияқты аурулар пайда болады. Шыбындар қай жерге қона қалса, дереу ішіндегілерді лоқсып шығарады. Осылайша қонған жеріне ауру тудыратын организмдерді қалдырып кетеді.

Егер шыбындардың қоректенетін заттары шектелсе, олар көп мөлшерде көбейе алмайды. Сондықтан үйдің жанында қоқыс, тезек, орылған шөп, жұлынған арамшөптер сияқты кез-келген шіритін заттарды ұзақ сақтамау керек. Қоқыс жәшіктерін тазалықта ұстап, қақпағы мықтап жабылуы тиіс. Қоқыс жәшігін жуған жағдайда оны егін алқабына төгуге болмайды. Себебі бактериялар құнарлы жерде тез көбейеді. Жылқының тезегі олардың көбеюіне өте ыңғайлы. Сондықтан үнемі қауіпсіздік шараларын қадағалау қажет. Шыбын жайлы хадисте былай делінеді:

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер қайсыбіріңнің ыдысыңа шыбын түсіп кетсе, онда оны ыдысқа толық батырыңдар. Расында оның бір қанатында ауру болса, екінші қанатында шипа бар», – деп айтқаны жеткізіледі (Ахмад 2/246, әл-Бухари 3320, Ибн Маджах 3505, Әбу Дауд 3844).

Австралиядағы Маккуори университетінің Биологиялық ғылым бөлімінің ғалымдары шыбын денесінен антибиотиктерді тапты. Мельбурнда өткенде микробиологтар конференциясында Джоан Кларк: «Біздің зерттеу жұмыстарымыз жаңа антибиотиктерді анықтау барысындағы жаһандық зерттеудің кішкентай бөлшегі болып табылады. Бірақ біздің ойымызша бұл зерттеуді бізден басқа бұрын-соңды ешкім жасамаған», – деп мәлімдеді.

Зерттеудің логикасы қарапайым: шыбындар өте көп бактерияларды тасымалдайды, бірақ өздері ешқашан ауырмайды. Демек олардың бактерияларға қарсы мықты иммунитеті бар. Зерттеуге сәйкес шыбынды этанол спиртіне батырған сәтте, антибиотиктік материалдары бөлініп шығады. Сосын қоспаны сүзгіден өткізіп тазаланбаған сығындыны алады. Оны әртүрлі бактериясы бар ерітіндіге тамызғанда, үнемі антибиотиктік әсері байқалды. Яғни шыбын денесінде қауіпті бактерияларға қарсы антибактериялық қорғанысы болады.

Осы кезде мынадай заңды сұрақ туындайды. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында микроскоптар мен лабороториялар немесе ғылыми-зерттеуші институттар болды ма? Әрине, болған жоқ. Оған бұл білімдер Алла тарапынан уахи арқылы түсті.

Нәжм сүресі, 1-5 аят: «Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. Жолдастарың (Мұхаммед) адаспады да, ауытқымады. Ол (Мұхаммед) өз ойынан ешнәрсе қосып айтпайды. Оның айтқаны Алладан көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті (Жәбрейіл) үйретті». (53:1-5)

Хаж сүресі, 73-аят: «Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар: Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлығы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де нашар». (22:73)


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.