Құрметті мұсылман бауырым!
Баршамыздың кемелденуіміз үшін қажетті кейбір өсиеттерді жазуды жөн көрдім.
Әрдайым Раббыңмен қуатты байланыста бол, ешбір намазыңды қаза қылма.
Құран оқуды есіңнен шығарма.
Рамазан айында оразаның бір күнін де өткізіп алма.
Қажылық парызыңды атқаруға шамаң жететін болса, оны кешіктірме.
Қалтаңда ешқашан арам жолмен табылған ақша болмасын.
Рызығыңды тек қана адал жолмен табуға тырыс.
Алла Тағала саған байлық берген болса, малыңның зекетін бер.
Қай жерде болсаң да үлгілі, көркем мінез-құлықты, салиқалы азамат бол.
Өміріңді толығымен тура жолда ұста.
Несібеңе қанағат қыл.
Өмірлік жолың Алла Тағаланың мына сөзіне сай болсын: «Алланың саған сыйлаған нәрселері арқылы ақирет жұртын құмарт. Сондай-ақ, дүниеден алар үлесіңді де ұмытпа. Алла саған жақсылық қылғандай, сен де жақсылық қыл және жер бетінде бұзықтық тілеме. Өйткені Алла бұзақыларды жақсы көрмейді«.
Уақытыңның тіпті аз бөлігін де жаманшылыққа жұмсаушы болма.
Өз тәрбиеңе көңіл бөл, жүрегіңді тексеріп отыр. Жаныңды есепке тарт. Иманыңды қуаттайтын амалдарға ұмтыл. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Біліп алыңдар! Денеде бір кесек ет бар. Егер ол дұрысталса, бүкіл дене дұрысталады. Ал, егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Әрине, ол — жүрек«, — деген сөзін есіңе ал.
«Ислам мәдениеті»
кітабынан үзінді