Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Бас Мүфти Хасан Фа Мин мырзамен сұхбаттасты (фото)
18:40, 23 сәуір 2019

Бас Мүфти Хасан Фа Мин мырзамен сұхбаттасты (фото)


Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Қытай Ислам қауымдастығының төрағасы Хасан Фа Мин бастаған делегацияны қабылдап, әлемдегі қазіргі діни ахуал туралы әңгімелесті.

2019 жылдың 11 сәуірінде Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармасы бірлесіп өткізген «Рухани Жібек Жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері» атты халықаралық конференцияға қатысқан Хасан Фа Мин айтулы шараның мәні мен маңызын атап өтті.

Басқосуда дін қайраткерлері қазіргі заманның сын-қатерлері жайлы пікір алысып, жастарды жат діннің жалған ұрандарынан сақтандыру шараларына бірлесе үн қосу жайлы әңгімелесті. Сонымен қатар, Ұлы жібек жолы елдерінің ортақ рухани картасын жасау туралы пікірлесті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыру жайлы уағдаласты.

muftyat.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.