Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Алматы: Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды
17:31, 23 сәуір 2019

Алматы: Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды


Бүгін, Алматы қалалық мешіттердің бас имамдарының қатысуымен Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталған жиналас Орталық мешітте болып өтті.

Алқалы отырысты ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы сөз сөйлеп жүргізіп отырды.

Өкіл имам жиынның кіріспе сөзінде жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен қала көлемінде ұйымдастырылған діни, мәдени шараларға тоқталды. Атап айтқанда, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қолдауымен «Байкен» мешітінде «Балапан қари» орталығы ашылғанын, сосын қаламыз бойынша VIII республикалық Құран байқауының іріктеу сайысы жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, осы айдың 26-28 күндері Алматы қаласында өтетін республикалық Құран жарысының және қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады. Сонымен қатар, Бас мүфтидің арнайы тапсырмасымен Ораза айында атқарылатын іс-шараларды жоғары деңгейде жүзеге асыру керектігін ескертті.

Жиналыстың күн тәртібінде үш баяндама тыңдалды.

Ең алдымен, Аманқұл ата мешітінің Бас имамы Серікжан Ахмадиев сөз алып, Медеу ауданы бойынша Рамазан айында атқарылатын шараларға тоқталды.

Сосын Қайрат мешітінің бас имамы Мұсаев Данияр Рамазан айында атқарылатын мәдени шаралар туралы айтты.

Кейінгі кезекте ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі бойынша заңгері Сағитжан Дәулетияр жыл басында бекітілген жоспар бойынша атқарған жұмыстарға сараптама жасады.

Соңында өкіл имам жиналыстың қорытындысына ретінде тиісті сын-ескертпелерді айтып, арнайы тапсырмаларды берді. Сондай-ақ, қала мешіттерінің бас имамдарына алдағы істерде сәттілік пен табыс тілеп, Алланың амандығында болуға жазсын деді.

muftyat.kz

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.