Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Нұр-Мүбарак университетінде Ашық есік күні өтті
23:13, 22 сәуір 2019

Нұр-Мүбарак университетінде Ашық есік күні өтті


Биыл жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны сәуір, мамыр айларына  ауысқаны белгілі. Осыған орай Нұр-Мүбарак университетінде арнайы  «Ашық есік күні» жарияланды. Негізгі мақсат жұртшылыққа биылғы қабылдау ережелері туралы толыққанды ақпарат беру және Нұр-Мүбарак университетіндегі артықшылықтар мен талаптармен таныстыру.

Ашық есік күніне келген талапкерлердің де сұрақтары сан алуан болды.  Оларға университеттің Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Жалғас Сандыбаев бастаған білікті мамандар толыққанды жауап берді. Қабылдау науқанына қатысты бірнеше жылдық тәжірибесі бар Мұратхан Мехмет  исламтану, дінтану салаларындағы айырмашылық, қысқартылған топқа қатысты шарттар немесе екінші жоғары білім алудағы талаптар жайлы  жан-жақты түсіндірді.

Мемлекеттік білім грантына ие болудың талаптары, ақылы бөлімде оқудың ерекшелігі, «жатақхана кімдерге беріледі, отбасылылар үшін жатақхана қарастырылған ба?» деген сынды сан-түрлі сауалдармен қатар шетелде білімді шыңдау мәселесі де қамтылды. Яғни академиялық ұтқырлық бойынша  бір семестр шетелдік университеттерде білім алу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша биыл ЖОО-ларға құжат қабылдау 1 сәуірде басталып, 10 мамыр күні аяқталады. Осыған орай дәл қазір Нұр-Мүбарак университетінде де талапкерлерден құжат қабылдау науқаны жүріп жатыр.

nmu.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.