Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Құран мұғжизалары:  Сүндеттеудің пайдаларын білесіз бе?
22:28, 22 сәуір 2019

Құран мұғжизалары: Сүндеттеудің пайдаларын білесіз бе?


Британ империясын Виктория (1837-1901) патшайым басқарған жылдары ел ішіндегі мерез және соз ауруларының алдын алу үшін еркектер сүндеттеліп отырды. Кейіннен Британияға қарасты Канада, Жаңа Зеландия, Австралия сияқты елдерде де сүндеттеу дәстүрге айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары әскерлерді майданға жіберместен бұрын, профилактика ретінде сүндетке отырғызатын еді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та бұл дәстүр медициналық сақтандыруға енді, ал дәрігерлер мұны туу бағдарламасына енгізді. Қазір сүндеттеу үшін ата-анасының келісімі қажет болса, 1950-60 жылдары дағды бойынша рұқсатсыз сүндеттеуші еді. Сондықтан болса керек бүгінгі таңда АҚШ-та жаңа туылған сәбилерді сүндеттеу өте кең таралған. Ол жақта шамамен 1,7% иудейлер, 1%-дан да төмен мұсылмандар тұрады, алайда сүндеттеу көрсеткіші 75-80%-ды құрайды. Жыл сайын клиникаларда миллионнан астам сүндеттеу процедурасы орындалады. Яғни әр 1 минут сайын 2 сәби сүндеттеледі.

Тарихи тәжірибеге сәйкес сүндеттелген еркектер СПИД, жыныс мүшесінің онкологиясы, папиллома-вирусы сияқты аурулармен ауру ықтималдылығы әлдеқайда төмен болады. Ал балалар арасында несеп-жыныстық инфекциялардың қатерін төмендетеді. Сүндеттелген еркектердің әйелдері жатыр қатерлі ісігі ауруымен ауырмайды. Қай тұрғыдан алып қарасақта, денсаулық үшін өте пайдалы. Ал сүндеттеу Ислам дінінде өте маңызды рөлге ие және Ибрахим пайғамбардың (оған Алла разы болсын) сүннеті болып табылады. Ол жайлы хадисте былай делінеді:

Әбу Хурайрадан жеткен хабарда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бес нәрсе фитрадан: сүндеттеу, қасаға түгін қыру, тырнақ алу, қолтық түгін қыру және мұртты алу», – деп айтқаны жеткізіледі (әл-Бухари 5889, Муслим 257). Жаңа туылған сәбиді жетінші күні сүндеттеу пайғамбарлардың сүннеті болып табылады. Хадисте: «Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің немелері Хасан мен Хусейнді туылғанынан жеті күн өткенде сүндетке отырғызды», – деп айтылады (Табарани 891).

Медициналық зерттеулерге сәйкес сүндеттеудің гигиеналық-профилактикалық тұрғыдан аса маңыздылығын расталып отыр. Дәрігерлер ер адамдарда жиі кездесетін баланит, баланопостит, фимоз, парафимоз сияқты ауруларды емдеу үшін сүндеттейді. Сол себептен болса керек көптеген мұсылман еместер өздерінің балаларын сәби кезінде сүндетке отырғызады. Бүгінгі таңда сүндеттеу АҚШ-тағы ең көп таралған хирургиялық операцияға жатады. Оны шамамен 80% америкалықтар орындаса, бұл көрсеткіш Израильде 98%-ды құрайды.

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері мен сүннеттік амалдары 14 ғасыр өтседе уақыт сынына ұшырамай, ғылыми тұрғыдан теңдессіз екенін күні бүгінге дейін дәлелдеумен келеді. Себебі бұл білімдер оған Алла тарапынан уахи арқылы түсті. Хаж сүресінің 78-аятында: «Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады», — деп айтылады. Яғни діндегі әрбір амал әлсіз адамзаттың игілігі үшін жасалған!

Нәжм сүресі, 1-5 аят: «Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. Жолдастарың (Мұхаммед) адаспады да, ауытқымады. Ол (Мұхаммед) өз ойынан ешнәрсе қосып айтпайды. Оның айтқаны Алладан көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті (Жәбрейіл) үйретті». (53:1-5)

Namys.tv


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.