Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Құран мұғжизалары: Айдың қақ жарылуы
0:45, 16 сәуір 2019

Құран мұғжизалары: Айдың қақ жарылуы


Жақында NASA орбиталық спутнигі LRO-дан (Lunar Reconnaissance Orbiter, қаз. – айды барлау орбитері) түсірілген суреттердің зерттеу жұмысы жарияланды. Зерттеу нәтижесіне сәйкес ай геологиялық тұрғыдан бүгінгі таңға дейін белсенді сығылған деп мәлімделінді. Смитсон Ұлттық мұражайының авиация мен ғарышкерлік саласының жетекшісі Том Уоттерс бастаған зерттеу жұмысы «қалақты өскін» деп аталатын айдың бетіндегі мыңдаған жарылған жерлерін зерттеумен айналысты.

Том Уоттерс: «Егер бөліктерді мұқият қарасақ, айдың сығылғанын байқаймыз. Олар шын мәнінде ай қыртысының материалдарын көрсетеді. Ай сығылып, сынып жатыр және бір-біріне соқтығысып тұр. Сондықтан бұл айдың сығылуына бірнәрсе әсер еткенін білдіреді».

Қалақты өскіндердің бүкіл жерде таралуының анықталуы, ай бетінің сығылу үрдісі жаһандық ауқымда орын алып жатқанын білдіреді және бұл құбылыс айдың геологиялық тарихын түсіну үшін өте маңызды. Зерттеудің келесі қадамы бұл өскіндердің немесе жарықтардың нақты жасын зерттеу және айдың осы уақытқа дейінгі қаншалықты белсенділігін анықтау болады.

Том Уоттерс: «Бұл болжамдардың ішінен мені ең қызықтыратыны – ол айдың жансыз дене еместігі. Мұның барлығы миллиард жыл бұрын орын алды. Бұл жарықтар тіпті миллиард жылданда жас болуы мүмкін. Олар тіпті бірнеше миллион жыл болуы да мүмкін. Немесе олар тіпті бұданда жас болуы мүмкін. Бұл дегеніміз геологиялық тұрғыдан айдың белсенділігін білдіреді».

Том Уоттерс өзінің алғашқы зерттеулеріне сәйкес бұл жарықтарды сығылу нәтижесінде пайда болуы мүмкін десе, кейінгі зерттеулердің нәтижесіне сәйкес керісінше айдың кеңейіп жатқандығынан жарықтар пайда болуы мүмкін деген болжамға келді. Ай бетін зерттеу жұмыстары тек болжаммен ғана шектеліп отыр. Қайткенде де бұл әлі толық зерттеуді талап ететін ғылыми жаңалық.

Қамар сүресі, 1-5 аят: «Қиямет жақындады және Ай қақ жарылды. Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: “өткінші сиқыр” дейді. Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар. Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды. Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес». (54:1-5)

Әбу Нуайм Ибн Аббастан (оларға Алла разы болсын) мына хабарды жеткізді: «Бір күні мүшріктердің көсемдері Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: “Егер сен шындықты айтып тұрсаң, айдың бір бөлігі Әбу Қубайыстың үстінде, ал бір бөлігі Қуайқанның үстінде тұратындай етіп екі бөлікке бөл”, – деп айтты. Алла Елшісі оларға: “Егер мен мұны жасасам, сендер иман келтіресіңдер ме?”, – деп сұрады. Олар мақұлдап жауап берді. Сосын Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға дұға етті және аспандағы Ай қақ жарылды. Оның бөліктері екі таудың ұшынан көрінді және Алланың Сүйіктісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Куә болыңдар!”, – деп айтты. Пайғамбар осылай айтқанда, мүшріктердің көсемдері: “Әбу Қабшидің ұлы сендерді сиқырлады. Сендер бұл туралы сапардан қайтып келген адамдардан сұраңдар, өйткені ол барлық адамдарды сиқырлай алмайды”, – деп дауыс көтерді. Кейін сапардан келген адамдардан сұралғанда, олар да бұл кереметті көргендерін растады». (Байхаки)

LRO спутнигінен түсірілген суреттердегі айдың жарылымдары сол бір керемет мұғжизадан қалған із екені анық. Бұл керемет мұғжиза Құранда аталып өтілген, әрі Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хақ дінмен жіберілген хақ пайғамбар екенін сөзсіз дәлелдейді. Куә болыңыздар!

Нәжм сүресі, 1-5 аят: «Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. Жолдастарың (Мұхаммед) адаспады да, ауытқымады. Ол (Мұхаммед) өз ойынан ешнәрсе қосып айтпайды. Оның айтқаны Алладан көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті (Жәбрейіл) үйретті». (53:1-5)


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.