Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мекке мен Медина арасында алғашқы теміржол іске қосылды
22:06, 02 қазан 2018

Мекке мен Медина арасында алғашқы теміржол іске қосылды


Cауд Арабиясында Мекке және Медина қалаларын байланыстыратын алғашқы жүрдек теміржол пайда болды. Ол сейсенбі күні король Салман бен Абдель Азиз Аль Саудтың қатысуымен өткен ашылу рәсімінен кейін іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміржолдың ашылу рәсімін «Аль-Ихбария» телеарнасы тікелей эфирден көрсетті. Телеарна атап өткендей, теміржол бір жылдың ішінде жылдамдығы сағатына 300 шақырымға жететін пойызбен 60 миллион жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. Оның қашықтығы 450 километр. Жүрдек пойыз бес жерге тоқтайды: Мекке, Джидда, Джиддадағы король Абдель Азиз халықаралық әуежайына, Рабиха мен Мединаға аялдайды. Бағыт бойынша 417 орындық 35 пойыз қатынайды.

kazislam.kz

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.