Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Алатау ауданы имамдары денсаулық сақтау мамандарымен жүздесті
4:18, 06 маусым 2018

Алатау ауданы имамдары денсаулық сақтау мамандарымен жүздесті


Алматы қаласының Алатау аудандық «Бекет ата» орталық мешітінде аудан мешіттерінің бас имамдары денсаулық сақтау орталығының дәрігер-мамандарымен жүздесті. Бұл басқосу күні тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі – менингит жұқпалы ауруы және оның алдын алу шаралары жайында болды.

Білікті мамандар бұл аурудың адамдар көп жинлатын қоғамдық орындарда тез тарайтынын айтты. Соның ішіне адамдардың көп жиналатын жеріне мешіттер де кіреді. Сондықтан да ауа арқылы жұғатын мұндай аурулардың алдын алуда мешіт қызметкерлері де белсенділік таныту керек делінді.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күннің көлемінде Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі мен әкімшілік тарапынан тарауих намазы мешіттің ішінде емес ауласында оқылсын және мешіттердегі жазғы сауат ашу курстары кешіктірілсін деген бұйрық шыққан болатын. Соған орай Алатау ауданы мешіттерінде сақтық шаралары қатаң түрде қолға алынуда.

Сонымен қатар жұпалы аурудан сақтанудың алғышарттары ретінде мамандар мешіт жамағатын мүмкіндігінше жұқпалы ауруға қарсы қорғаныш маскаларын пайдалануға шақыру керек деді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.