Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Менингит себебінен жазғы сауат ашу курстары кейінге шегерілді
3:52, 06 маусым 2018

Менингит себебінен жазғы сауат ашу курстары кейінге шегерілді


Алматы қаласындағы менингокок вирусының өршіп тұруына орай барлық жазғы демалу және сауықтыру лагерлерінің жұмысы Алматы қаласы санитарлық департаментінің бас дәрігерінің Жарлығымен 18 маусымға дейін уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, аталмыш шешім аясында Алматы қаласындағы барлық мешіттердегі жазғы сауат ашу курстары да маусым айының 18-не дейін тоқтатылғандығын хабарлаймыз.

Денсаулық — Алла Тағала тарапынан берілген аманат екенін ескере отырып, әрбір қала тұрғындарын, мешіт жамағатын өз денсаулықтарына аса мұқияттылықпен назар аударуларын, халық көп жиналатын орындар мен жамағат намаздарына арнайы ауыз қапшығын (маска) киіп баруларын сұраймыз. Сонымен қатар, жеке бас тазалығын қадағалап, жеміс-жидектердің барынша жуылып желінуін және қайнатылған немесе арнайы ыдыстардағы суларды ғана қолдануға кеңес береміз.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» деген қағидаға сәйкес жоғарыдағы кеңестерді ұстанумен қатар күнделікті сыртқа шыққан уақыттарымызда «Фатиха», «Ықылас», «Фалақ», «Нәс» сүрелерін оқып шығуларыңызды да сұраймыз. Себебі, күллі дерттің шипасы мен одан сақтау Алла Тағаланың ғана құдіретіне тәуелді екенін естеріңізге саламыз.

Алла Тағала елімізді бұл дерттен аман сақтасын!

Алматы қаласы Орталық мешітінің Баспасөз қызметі
azan.kz/kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.