Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
РАМАЗАН: ӘКЕЛЕРГЕ 5 КЕҢЕС
19:56, 04 маусым 2018

РАМАЗАН: ӘКЕЛЕРГЕ 5 КЕҢЕС


Алла Тағала біздерді дұғамыз қабыл болатын, күнәміз кешірілетін әрі Жаратушыға жақын болатын уақыттармен зейіндеген. Сондай уақыттардың бірі түннің үштен бірі, жұма күні, зул-хижжа айының алғашқы он күні, Арафа күні, Рамазан айының соңғы он күні және Қадір түні, сонымен бірге, әлбетте, қасиетті Рамазан айы.

Рамазан ислам күнтізбесіндегі тоғызыншы ай, бұл жыл ішіндегі ең қастерлі ай. Бұл айда рухани байлыққа кенелуге мүмкіншіліктер орасан зор.

Мұсылман адамның туыстары мен жақындары алдында, сонымен қатар, әсіресе, Рамазан айында отбасының алдында атқаратын міндеттері бар. Бұл ретте күнделікті жұмыс, кешкі тарауық намазына асығып жүретін әкелерге аздаған кеңестер беріп өтеміз.

Хазіреті Омар халифа болып тұрған кезінде бір кісі келіп баласының қылықтарына көңілі толмайтынын айтады. Сөз тыңдамай, қит етсе өзіне қарсы келетінін сөз етеді. Халифа баланы шақыртып, бұның себебін сұрайды. Бала: «Уа, мұсылмандардың әміршісі, әкенің бала алдында ешқандай міндеті жоқ па?» — деп сұрайды. «Әрине, бар» — деген халифа Омар ол міндеттерді былай деп тізбектейді:

«Әке ең алдымен болашақ ұрпағына ары таза, мінез құлқы жақсы ана таңдауы керек (яғни сол әйелді жар етуі қажет). Сосын баласына жақсы ат қоюы әрі оған Құран Кәрімді үйретуі тиіс».

Мұны естіген бала: «Ендеше, әкем бұлардың ешбірін де орындаған емес. Маған ана ретінде таңдаған әйелі, яғни анам мәжуси (отқа табынушы), қойған есімі «тасбақа» деген мағынаны білдіреді. Ал Құраннан бір әріп те үйреткен емес», — дейді. Сонда хазірет Омар баланың әкесіне қарап: «Негізінде сенің үстіңнен балаң шағым жасауы керек екен. Балаңның алдындағы парызыңды орындамасаң, балаң да сенің алдыңдағы парызын орындамасы анық» — депті.

Жақсы әке балаларының анасын құрметтеп, оларға уақыт бөледі. Баласының небір сұрақтары мен қиялдан туған әңгімелерін жалықпай тыңдап, оны сөгуге жақын болмайды. Ал өзі үлгі тұтарлық тұлға, жақсы ұстаз бола біледі. Қамқор болып, үнемі жандарынан табылады. Қайсыбір әке өзін «жаманмын» дей алады. Дегенмен, мешіттегі жамағат намазы бар, ауызашар дастархандары бар болғандықтан, кейбір кездері отбасымызды тек сәресі уақытында ғана көріп жататынымыз жасырын емес. Ендеше,

Уақытыңызды бөліңіз

Бірге демалып, олардың жағдайларының қалай болып жатқанын жақынырақ біліңіз. Отбасыңызбен жақын әрі тығыз қарым-қатынаста болу үшін бұл ай өте қолайлы. Рамазан айы – ерекше мейірімге кенелетін уақыт. Бұл кезде өзіміз де бар мейірімімізді Раббымыз жақын еткен отбасымызға арнағанымыз жөн.

Құран оқыңыз

Күн сайын бірге отырып Құран оқуды ұйымдастырыңыз. Құран – мұсылман баласының өмірлік басшысы. Рамазан болса, иләһи уахидың түскен айы. Құранды бірге отырып оқу, аяттарына ой жүгірту құранға өзгеше көзқараспен қарауға, оны түсінуге көмектеседі.

Садақа беріңіз

Алла елшісі ﷺ садақаның ең жақсысы отбасыңа берілген садақа деген. Рамазан айында осы сөздерге үлкен мән берген дұрыс. Жақыныңа, туысыңа берген садақаң ризығыңды молайтады, Алланың разылығына қауыштырады және шүкіршілік етуге септігін тигізеді.

Сыйлық сыйлаңыз

Отбасы мүшелеріне балаңыз, әке-шешеңіз, жарыңызға сыйлық беріңіз. Оларға күлімдеп қарап, сәлемдесіңіз. Бұлардың барлығы ардақты пайғамбарымыздың сүннеті. Әз елшінің үннетін қастерлі уақытта тірілту өте маңызды.

Бірге болыңыз

Ауыз ашқанда, сәресі ішкенде, сонымен қатар, намаз оқығанда да отбасыңызбен бірге болыңыз. Бұл сіздің отбасыңыздағы имани рухты сақтап тұрады. Ауыз ашарға жолдастарыңызды отбасымен шақырыңыз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.