Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
СІЗ үшін тағы ашықтым бүгін…
14:37, 21 мамыр 2018

СІЗ үшін тағы ашықтым бүгін…


Сіз үшін тағы ашықтым бүгін,
ғашықпын бүгін əр жанға.
Сəулелі сөздер шашыппын бүгін,
Сəуле ме, сөз бе, маржан ба,
біле алман əйтеу өзіммен-өзім,
бөлене берем ақ нұрға.
Бұл қайсы лəззат?
сезінбегемін,
Сезбегем, шуақ, тап мұндай!
Түсімде ме екен, өңімде ме екен,
мұнарта түсті дала алдан.
үмітім қайта семірген екен,
арманым қайта жаңарған.
Жымиған екен ағаштың бəрі,
жұлдыздар хормен салған əн.
жауынгер шықтар жол аштырғалы,
жауыздық жерде қалмаған.
Жұп-жұмсақ тіптен тас дегенің де,
ап-ауыр құстың қанаты.
Көбелек үні көшкен өңірде,
жүр екем мейірім таратып.
тек қана мақпал бұлттар жылайды,
Мұржалар — көкке қарауыл.
жанардың жасы түкке арзымайды,
Сенімнің жасы —
сол ауыр..
..Біле алман əйтеу өзіммен-өзім,
бөлене берем ақ нұрға.
Бұл қайсы ләззат?
сезінбегемін,
Сезбегем, шуақ, тап мұндай!..

Батырхан Сәрсенхан


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.