Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
«Жұмадан жұмаға дейін…» бәйгесінің жеңімпаздары (4)
15:00, 27 сәуір 2018

«Жұмадан жұмаға дейін…» бәйгесінің жеңімпаздары (4)


«Жұмадан жұмаға дейін…» бәйгесінің кезекті жеңімпаздарының есімдері:

І орын – Рахимова Фариза (Қызылорда қаласы)

ІІ орын – Жүніс Азамат (Шымкент қаласы)

ІІІ орын – Ж.Жолдасбек (Алматы қаласы)

ЕСКЕРТУ: Құрметті жеңімпаз бауырлар! Өздеріңіз иеленген сыйлықтарыңызды алып кету үшін мына номерге хабарлассаңыздар болады: 87087616261;

ӨТКЕН ЖҰМАДАҒЫ БӘЙГЕНІҢ САУАЛДАРЫ МЕН ЖАУАПТАРЫ:

1. Пайғамбарымыздың ең үлкен сүннетін атаңыз? Сондай-ақ, ол сүннетке Ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.) өмір жолынан дәлелді мысал келтіріп беріңіз?

Жауабы: Алла елшісінің (с.ғ.с) ең үлкен сүннеті — бауырмашылдық. Пайғамбарымыз Медина қаласына һижрет жасаған кездегі ең бірінші жасаған амалы аңсарлар мен муһажирлердің арасын бауырмашылдықпен біріктіруі. Сондай-ақ, қаншама жылдар бері өзара қақтығыстары тоқтамай келе жатқан Аус пен Хазраж руларының арасын бауырмашылдықпен біріктіруі.

2. Қазақ қызыл шүберекті не үшін байлаған? Сондай-ақ, оны қайда байлаған?

Жауабы: Қазақ даласында «карантин» деген ұғым қызыл шүберек байлау арқылы білдірілетін болған. Егер үйінде бір адам қызылша секілді жұқпалы аурумен науқастана қалса, өз есігінің маңдайшасына қызыл шүберекті байлап қоятын. Оны көрген сырттан келген қонақтар іште жұқпалы ауру бар екенін біліп, кері қайтатын болған.

3. Құран Кәрімде Алла Тағала жасамауға бұйырған үлкен күнәлардың бірі бар, ол күнәні жердің бетінде ешкім әлі жасамаған және Қияметке дейін де жасай алмайды. Ол қандай күнә?

Жауабы: Алла елшісінен (с.ғ.с.) кейін Оның некелі жұбайларына ешкімнің үйленбеуі. Олар (Алла олардың баршасына разы болсын) күллі үмметтің аналары саналады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.