Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
17:27, 16 наурыз 2018

«Жұмадан жұмаға дейін…» бәйгесінің жеңімпаздары


«Жұмадан жұмаға дейін…» бәйгесінің алғашқы жеңімпаздарының есімдері:

І орын – Жүнісов Азамат; (Шымкент қаласы)

ІІ орын – Айдос Асылбекұлы; (Алматы қаласы)

ІІІ орын – Арман Төлетай.

 

ӨТКЕН ЖҰМАДАҒЫ БӘЙГЕНІҢ САУАЛДАРЫ МЕН ЖАУАПТАРЫ:

1. Әйгілі сахаба Мусғаб ибн Умейірдің соңғы сапарына шығарып салу рәсімі есіне түскен сайын көзіне жас алатын сахабаның есімі кім? Және ол бұл оқиғаны қай құлшылығы сайын есіне алады?

Жауабы: Абдурахман ибн Ауф, әрбір ауызашар сәтінде есіне түсіп, тоқтай алмай жылайтын.

2. Қазақ сәбиінің бесігіне үкінің қауырсынын не үшін таққан?

Жауабы: Үкі жылан, шаян секілді зиянкестермен қоректенеді. Сол зиянкестер үкінің иісін сезіп сәбидің бесігінен аулақ жүрсін деген мақсатта.

3. «Қурра» сөзінің мағынасы қандай екенін түсіндіріп беріңіз. Тарихпен байланыстыруды да ұмытпаңыз.

Жауабы: Қари сөзінің көпше түрі. Құранды жатқа білетін адамдар. Ислам тарихында Құран Кәрімді жаттап, келер ұрпаққа жеткізген қырағат ғалымдары.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.