Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
БӘЙГЕ: «Жұмадан жұмаға дейін…»
15:10, 27 сәуір 2018

БӘЙГЕ: «Жұмадан жұмаға дейін…»


Құрметті сайт оқырмандары!

Осы Жұмадан бастап «Al-Azim.kz» ұлттық, рухани-ағарту порталы және «Muza» қоғамдық қоры бірлесе отырып «Жұмадан жұмаға дейін» атты Бәйгесін жариялайды. Аталмыш бәйгеге еліміздің әр аймағынан қатысуға болады.

Бәйгенің мақсаты: жастарымыздың кітап оқу мәдениетін арттыру; еліміздің діни сауатын көтеру; төл тарихымызбен қанаттандыру; салт-дәстүрлерімізді насихаттау;

Бәйгенің шарттары: бәйге сұрақтары әрбір Жұма күні түскі сағат 12:00-ге дейін сайтқа жарияланып отыратын болады. Ал, апталық жеңімпаздардың аты-жөні келесі Жұма күні сағат 15:00-ден кейін жарияланады.

Бәйге әртүрлі тақырыптарды қамтыған сауалдардан құралады. Қатысушы жазылған дұрыс жауаптарын bayge-al.azim@mail.ru электрондық жәшігіне жолдай алады. Сонымен қатар, 87087616261 ұялы телефонына WhatsApp арқылы да жолдауларыңызға болады. Жауап берушінің аты-жөні, туған жері толық көрсетілуі міндетті.

Ескерту: дұрыс жауаптар жолданған электрондық жәшіктің мекен-жайы Біздің сайтымыздың жаңалықтарға жазылу бөлімінде тіркелуі міндетті.

Бәйгенің жүлде қоры:

Бәйге жеңімпаздарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстан дін істері агенттігі мақұлдаған ең танымал кітаптары берілетін болады.

Осы Жұма (27.04.2018 — 04.05.2018) жеңімпаздарына ұсынылатын кітаптар:

 

І орын«Пайғамбарымыздың аяулы қызы Фатима (р.анһа)»  кітабы.

ІІ орын«Мұсылман әдебі» кітабы.

ІІІ орын«Хазреті Әли» және «Хазреті Әбу Бәкір» балаларға арналған кітаптары.

 

Осы Жұма (27.04.2018 — 04.05.2018) сауалдары:

1. Қарыз алу мен оны қайтарудың жолы туралы Құранның қай сүресі мен қай аятында келген?

2. Рибаның (өсім) қанша түрі бар және атап көрсетіңіз?

3. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) христиан білгірі Бахирамен қай жерде кездесті?

Бәйге шарттары мен ақпараттары бойынша сауалдарыңыз болса мына телефонға хабарлассаңыздар болады: 87087616261;


Талқылау: 5 комментариев
  1. Тлеубергенова Надзира:

    Ассаламугалейкум уа рахматуллахи уа баракаатух

    Ответить
  2. Тлеубергенова Надзира:

    Ассаламугалейкум уа рахматуллахи уа баракаатух . Жазылу осылай журеди ма!

    Ответить
  3. Фариза:

    Ассаламуалейкум жума байгесинин натижеси шыкпай жатыр го. Неге екен?

    Ответить
  4. 2 апта көлемінде Бәйгенің жауаптары мен сауалдары жауапты мамандардың қызметтік ауыс-түйістеріне байланысты өзгеріссіз қалған болатын. Қолайсыздық үшін ғафу сұраймыз. Алдағы уақытта нәтижелер уақытылы жарияланатын болады.

    Ответить
  5. Фариза:

    Жениппин машаАлла)) байге уйымдастырушыларга улкен рахмет. Алла разы болсын

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.