Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Алатау ауданы: Ізгіліктің бір ізі – Алғыс айту!
13:21, 02 марта 2018

Алатау ауданы: Ізгіліктің бір ізі – Алғыс айту!


1 наурыз – «Алғыс айту» күні. Ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының  «Алғыс айту – игілік сыйлау» бағыты бойынша жолдаған тапсырмасын басшылыққа алған Алматы қаласы, Алатау ауданындық «Бекет-ата» мешітінің Бас имамы Орынбасар қажы Дәуренбеков атаулы күнге орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Шараға Алатау ауданының Бас имамдары мен әр мешіттің ақсалдар алқа мүшелері қатысты. Дініміздің дамуына тиісті үлес қосып, ақсақалдық жолдан жаңылмай жастарға бағыт беріп жүрген Алатау ауданы қарттарының басын қосып, сый-сыйапат жасап, іс-шара соңында мерекелік ақ дастархан жайды.

Басқосуда Алатау ауданының Бас имамы Орынбасар қажы Дәуренбеков:

«Алғыс айту күні – кешегі өткен қиын заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Алла Тағала: «Мені еске алыңдар, Менде сендерді еске аламын! Маған шүкіршілік етіңдер де күпірлік етпеңдер!», – деген. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамға алғысы жоқтың – Аллаға алғысы (шүкірі) жоқ»  – деген. Аллаға шүкіршілік етуі, әрбір адамның шүкіршілігі болса, алғыс та болады», – деді аудан имамы.

Жиын барысында ақсақалды қариялар ұйымдастырушыларға да алғыстарын жеткізіп, елбасы мен дін басына ризашылықтарын білдіріп, ел амандығы үшін дұға жасады.

Кершеев Жарылқасын қария:

«Мешіттер жер бетіндегі Алланың үйлері. Сондықтан, Алланың үйінде жүріп ақиқатты үйреніп, өмірдің әртүрлі сәттерінен жиған тәжірибелерімізді өздеріңіз секілді иман жолындағы ұстаздарымызбен бөлісіп отыру біздер үшін зор бақыт, абырой. Алла тағала баршаңызға дүниеде де және ақыретте де абырой берсін!»

Набатбайұлы Сандыбай ақсақал:

«Бұл бастама шын мәнінде өте керемет тәрбиелі игі іс екен. Көп жағдайларда тіршілік қамы деп жүріп көпшілік бір-біріне алғыс та айтуды ұмыт қалдырып жатады. Сондықтан, Елбасымыздың да, Бас мүфтиіміздің де бастамасын аудандық көлемде жаңғыртып отырған сіздердің осы істеріңіз кейінгі жастарға үлкен өнеге. Алла мешіттерімізге берекесін берсін. Жамағаттарымыздың қатарын көбейтсін. Имамдарымызға күш-қуат берсін. Отбасыларыңызға аманшылығы мен берекесін жаудырсын Алла. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»

Қайрат Закариянов ағамыз:

«Қай уақытта болмасын қазақ даласында кішісі үлкеніне ізет көрсетуден жаңылмаған. Бұл ізеттілік Ислам арқылы қанымызға сіңген Алланың ұлы сыйы. Сондықтан Елбасымыздың және Дін басымыздың бастамасымен жасалып отырған бұл істеріңіңізге Алла разы болсын».

Таң сәріден бір-біріне алғыс айтумен басталған осындай мерекелік күн мешіттеріміздің ақсақалды қарияларына да, жамағаттарына да қуаныш сыйлаған берекелі сәт болды. Алла Тағаланың ғана Дидарын аңсаған істеріміз берекелі болғай!

muftyat.kz


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2020 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.