Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Исламға дейінгі арабтардың экономикалық ахуалы
12:36, 06 ақпан 2018

Исламға дейінгі арабтардың экономикалық ахуалы


Олардың экономикалық ахуалы да мәз емес-ті. Өйткені арабтардың ең негізгі кәсіптері сауда еді, ал сауда ісі қажетті тауарларды қауіпсіз тасымалдаумен ғана алға басады. Бірақ Араб жазирасы соғысуға тыйым салынған айларда болмаса, тауар тасымалына қауіпсіз деуге келмейтін.

Арабтардың Ғұказ, Зул-Мәжәз, Мәжәннә, т.б. әйгілі жәрмеңкелері осы айларда ұйымдастырылатын.

Арабтар өнеркәсіптен алыс халық еді, тоқыма, тері өңдеу, т.с.с. өнеркәсіппен шұғылданатын арабтардың негізгі бөлігі Йемен мен Хира аймағын және Шам өлкесінің жоғарғы жақтарын мекендейтін. Ал Араб жазирасының ішіндегі халықтар егіншілікпен, малшаруашылығымен, әйелдері жіп иірумен айналысатын. Бірақ табыстар көбінесе соғысқа жұмсалып, жалпы халық жоқшылықта, аш-жалаңаш күн кешті.

«Мұхаммед пайғамбар өмірбаяны»
кітабынан


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.