Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Алматы қаласының өкіл имамы Асыл арна телеарнасының директорымен жүздесті (ФОТО)
12:03, 06 ақпан 2018

Алматы қаласының өкіл имамы Асыл арна телеарнасының директорымен жүздесті (ФОТО)


ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек Шоқай «Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасының бас директоры Тазабек Мұхамеджан Оразбайұлын қабылдады.

Мұхамеджан Оразбайұлы Алматы қаласын жаңа тағайындалған Еркінбек қариды қызметімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Екеуара сұхбат кезінде еліміздің қазіргі таңдағы діни ахуалы жайлы сөз қозғалды. Осынау бейбітшілік, әрі мүмкіндік толы заманда Асыл дініміздің көркейе түсуі жолында бірігіп іс атқару отан үшін, дін үшін, халық үшін аса маңызды екендігі сөзден таса қалмады.

Алматы сынды алып қаланың үлкен бастамалар үшін оңтайлы мекен екені белгілі. Алдағы уақытта жақсы бастамалардың нәтижесін көру нәсіп болғай. Ата-бабамыздың аманат етіп қалдырған байтақ даласында бейбітшіліктің жаршысы болған Ұлы дініміз Исламның жандана түсуіне үлес қосу әрбір мұсылманның міндеті.

www.muftyat.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.