Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мүмин таршылық сәттерде сабырлығын қанағатпен әсемдейді
19:47, 03 желтоқсан 2017

Мүмин таршылық сәттерде сабырлығын қанағатпен әсемдейді


Абдуллаһ ибн Амру: Алла елшісінің: «Табысқа нақты жетті! – Кім мұсылман болса, ризығын күнкөріс минимумы құраса әрі Алла оны қанағатты қылса», – деп айтқанын жеткізген (СТ).

Әбу Һурайра: Алла елшісінің: «Байлық – ол дүниенің көптігі емес! Алайда байлық – жанның байлығы!», – деп айтқанын жеткізген (СИМ).

Салма ибн Убайдуллаһ әкесінен: Алла елшісінің: «Кімнің таңертең дені сау, жаны аман болса, қасында бір күндік күнкөріс азығы бар болса, онда оған дүние бүтін берілгендей болды», – деп айтқанын жеткізген (СИМ).

Әби Умамадан: Алла елшісі: «Раббым маған Меккенің аңғарын алтын қылып беруін ұсынды. Мен: «Жоқ! Раббым, керісінше, бір күн ашығайын әм бір күн тояйын. – (я үш күн деді, я соған жақын санды айтты). – Ашыққан кезімде Саған жалбарынып, Сені еске аламын. Ал тойған кезімде Саған шүкір етіп, Сені мақтаймын», – дедім деп айтқанын риуаят еткен (СТ).


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.