Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Қылқалам шеберлерінің байқауы
0:19, 27 қараша 2017

Қылқалам шеберлерінің байқауы


Ислам діні қашанда ілім алуға, өркениет пен мәдениеттің дамуына қолдау білдіретін соңғы ақиқат дін. Алланың шексіз мейірімін паш етіп келген қасиетті Құран Кәрімнің алғашқы аяттарының өзі осы білімге арналып, «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» – деген әмірімен бастау алған. Қай замандарда болмасын қараңғылықтың түндігін серпіп, адамзаттың нұрға қарай шығуларына жол көрсетіп келеді. Міне, осындай ақиқат Ислам дініміздің кереметтігін алға тарта отырып Алматы қаласы, Алатау ауданы «Әл-Азим» мешіті Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты Жолдауы аясында «Мешіттің жаңа бейнесі» атты тақырыппен қылқалам шеберлерінің арасында пленерлік сурет салу бағыты бойынша байқау өткізді. Байқауға еліміздің өнер саласындағы ең беделді оқу орны Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының 1-2 курс студенттері қатысып, табиғат аясында тұрып мешітіміздің суретін қағазға түсіріп жарысты. 14 студент қатысқан бұл байқауды бағалау да оңайға соқпады. Себебі, суретшілердің қолынан шыққан туындылар бірінен-бірі өтетін әдемілікке толы. Сондықтан да, аталмыш оқу орнының арнайы мамандарын шақырып, студенттердің жұмыстарын бағалады.

Осы орайда, топ арасынан суырылып шығып, жүлделі орындарды иеленген қылқалам шеберлері төмендегідей:

І орын – Қуатова Айжан;

ІІ орын – Жұмақан Ержан;

ІІІ орын – Лямкина Анастасия;

Байқау соңында дастархан жайылып, арнайы ас беріліп, Исламның қонақжайлылығын да паш еттік. Дастархан басында дініміздің өркениет пен мәдениетке көзқарасын айғақтайтын бейнероликтер көрсетіліп, насихаттар айтылды.

Іс-шара соңында байқау жеңімпаздары арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, басқа да қатысушылар мешіт тарапынан тағайындалған арнайы Алғыс хаттарға және сыйлықтарға ие болды.

«Әл-Азим» мешітінің бас имамы Ғазиз Жусипов байқауға қатысушы студенттерге мешітті аралатып, діни рәсімдер орындалатын орындарды таныстырды. Мұншама ыстық ықылас пен тәрбиелі сөздерді естіген студенттер ерекше сезімдерін жасыра алмай, өз алғыстарын да жеткізді.

Алла Тағала жасаған салихалы амалдарымызды баршаларымыздан қабыл еткей!

Жомарт Кершеев

І орын иегері


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.