Әбу Зәрр: Алла елшісінің: «Сендерден әркім таң атырғанда әр буыны үшін садақа беруге міндетті! Сөйтіп әр субханаллаһ садақа болып жазылады, әм әр әлхамдулиллаһ та – садақа, әм әр лә иләһа иллаллаһ та – садақа, әм әр Аллаһу әкбар да – садақа, шариғат ақтайтын істі бұйыру да – садақа, әм шариғат терістейтін істен тыю да – садақа. Және де, құлдың сәске уақытында оқитын екі рәкағаты осының күллісінің орнына жүреді», – деп айтқанын риуаят еткен (СМ)
Әбу Һурайрадан жеткен риуаятта бұған қосымша: «…екі адамның арасын жарастыру – садақа, әм бір кісіні көлігіне демеп көтеріп мінгізіп жіберу я оның көлігіне жүгін көтерісіп жіберу – садақа, әм жақсы сөз – садақа, әм намазға бара жатқандағы әр адымың үшін де – садақа, әм жолдағы зиянды алып тастау – садақа», – делінген (СБ)