Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Салихалы отбасы — 6: Тазалық, әсемділік және әшекейлік
9:04, 22 қараша 2017

Салихалы отбасы — 6: Тазалық, әсемділік және әшекейлік


Денесі мен киімін таза ұстау, төсек қатынасы кезінде әсемдену және әшекейлену секілді қасиеттер екі жақтың да көңілін көтереді, белсенділігін жаңартады, жан дүниелері бір-біріне ұмтылады, осының нәтижесінде әркімді өмір бойы осы құрбысымен қалғысы келетіндей сезім билеп, екеуі де өздерін бақытты сезеді.

Алла тағала айтады: «Алланың құлдары үшін жаратқан әшекейлі нәрселері мен таза ризықтарын кім арам етті, — де» («ал-Ағраф» сүресі: 32).

Алланың елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Омарға былай дейді, Алла тағала оған разы болсын: «Адамның қолындағы ең жақсы қазынаның не екенін айтайын ба? Ол – салиқалы әйел, егер күйеуі оған қараса, қуантады, егер оған бұйырса, айтқанды орындайды, ал үйде болмаған кезде оның ар-намысын қорғайды»[1].

Бұл қасиетті, әсіресе, ер адам есінен шығармауы қажет, өйткені әйел кісілердің табиғаты көбінесе бұған жақын болады. Ер адамдар түздің тірлігімен әйелінің қажетін ұмытып кетпегені дұрыс, тіпті ұмытпағанның өзінде, кейде төсек қатынасы махаббаттың рухысыз өтіп жатады. Алайда әйел кісі де үйдің тірлігімен арпалысып, күйеуінің қажетін естен шығармағаны жөн, күйеуі жұмыстан шаршап келсе де белсендігін жаңартатын жоғарыда айтылған тәсілдерді қолдануы тамаша болады. Осыған байланысты Ибн Аббас, Алла тағала оған разы болсын, былай деген екен: «Әйелімнің мен үшін қалай әшекейленуін жақсы көрген болсам, мен де әйелім үшін дәл осылай әшекейленуді жақсы көремін»[2].

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді: «Расында, Алла – әдемі, және әдемілікті жақсы көреді… »[3].

Алланың елшісіне (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әтір ұсынылған болса, ешқашан қайтармайтын[4].

Алланың елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Кім шаш өсірсе, оған күтім көрсетсін»[5].

Қысқаша айтқанда, тазалық және әдемілік мүміннен барлық істе және барлық жерде талап етіледі. Осы мағынаны Алланың елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына сөзімен білдіреді: «Шындығында, Алла барлық нәрсені (көркін беріп) жақсылап істеулеріңді бұйырады»[6].

[1] Әбу Дәуд келтірді
[2] Ибн Жарир келтірді
[3] Мүслім келтірді
[4] әл-Бұхари келтірді
[5] Әбу Дәуд келтірді
[6] Мүслім келтірді

«Отбасы бақытына апарар отыз жол»
кітабынан


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.