Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Салихалы отбасы — 5: Өзара жәрдемдесу және мейірімді болу
9:00, 21 қараша 2017

Салихалы отбасы — 5: Өзара жәрдемдесу және мейірімді болу


Алла тағала Құран кәрімде айтады: «Игілік пен тақуалық үшін өзара жәрдемдесіңдер және бір-бірлеріңе күнә мен дұшпандық үшін қол ұшын бермеңдер» («ал-Маида» сүресі: 2).

Отбасы мүшелері алдында өздерінің басты міндеттері бола тұра, олар өзгелердің де міндеттеріне қол ұшын берулері қажет. Отағасының басты міндеті жанұяны асырау, оларға жетекшілік қылып, жүріс-тұрысын бақылау секілді болса, әйелінің басты міндеті – үй шаруасын тындыру, оның өзі басынан асады, мысалы, тамақ пісіру, кір жуу, үйдің ішін тазалау, бала бағу, олардың тәрбиесіне көңіл бөліп қабілеттерін дамыту және т.б. толып жатыр. Осындай міндеттерді атқару барысында кейде күйеуі де әйелі де көп нәрселерді үлгермейді, сондықтан бір-бірінің жағдайларын түсінулері, кемшіліктеріне сабыр етіп, сезімдерін жараламаулары, ауырып қалған жағдайларда бір-бірін демеулері, қол ұшын беріп міндеттерін көтерісулері жоғарыда айтылған аятта көзделіп отырған болу керек. Айша анамыз, Алла тағала оған разы болсын, былай дейді: «Алланың елшісі үй шаруасын да атқаратын..»[1].

Алланың елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім бауырының қажетінде болса, Алла да оның қажетінде болады»[2].

Өзара жәрдемдесу мен өзара мейірімділік ерлі-зайыптылар арасында қолдан келгенше бүкіл істе болуы керек, тіпті құлшылық саласында да. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл жайында былай деген екен: «Түн ішінде намазға тұрып, әйелін де оятқан ерді Алла тағала рақымына бөлесін! Егер әйелі тұра алмаса, ол оның бетіне су себеді. Сол сияқты түн ішінде намазға тұрып, күйеуін де оятқан әйелді Алла тағала рақымына бөлесін! Егер әйелі тұра алмаса, ол оның бетіне су себеді»[3]. Бетіне су себу дегеніміз – бетіне бір ыдыс су құйып шошыту емес, бірақ әзіл араластырып, түнгі намазға құлшынысын арттыру.

Мүміндердің өзара жанашырлығын Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай бейнелейді: «Иман келтіргендер өзара сүйіспеншіліктерінде, қайырымдылықтарында және аяушылықтарында бір денеге ұқсайды, егер оның бір мүшесі ауырса, басқа мүшелері ұйқысыздық танытып, қызуы көтеріліп, бір-бірін шақырысады»[4].

Мұсылман жанұясы бір дене секілді, егер оның бір мүшесі ауырса, басқа мүшелері ұйықтай алмай, қызулары көтеріліп, өзара шақырысады. Күйеуі әйелін жақсы көреді, оған жақсы қарайды, көңіліне қуаныш ұялатады, өйткені Алланың елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ең жақсыларың – жанұясына жақсы қарағандарың, әрине, мен – жанұяма ең жақсы қараушымын» – деді. Әйел де күйеуін жақсы көреді, бір істі бұйырса, бой ұсынады, күйеуін жұмысына ізгі ниетімен шығарып салғаннан кейін, үй істеріне кіріседі, балаларын тәрбиелейді, күйеуінің қуанышы мен қайғысына ортақ болады, оның сырларын ешкімге ашпайды, Алланың ризашылығын күйеуіне бағынуымен іздейді, өйткені Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қайсыбір әйел бұл дүниеден күйеуінің ризашылығына ие болып өтсе, жәннатқа кіреді» – деді. Салиқалы бала әке-шешесін тыңдайды, оларды құрметтейді, бұйырған істерін бұлжытпай орындайды, сөз таластырмайды, айқайлап даусын көтермейді, оларға жақсы қарайды және дұға қылады: «Раббым, ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей, оларды рақымыңа бөлей гөр».

Ал енді мейірімсіз тұрпайы қарым-қатынастың кесірінен ерлі-зайыптылар арасындағы байланыстың тас-талқаны шығып, бір-біріне деген үміттері үзіледі. Сондықтан өзара мейірімді болулары – отбасы тұрақтылығы үшін, екеуінен де талап етілетін аса маңызды фактор саналады. Бұны бізге Алла тағала Құран кәрімде білдіреді: «Алланың рақымының арқасында оларға жұмсақ болдың, егер тасбауыр мейірімсіз болғаныңда, әрине, айналаңнан тым-тырақай қашып кетер еді» («Әли Ғимран» сүресі: 159).

[1] әл-Бұхари келтірді
[2] әл-Бұхари мен Мүслім келтірді
[3] Әбу Дәуд келтірді
[4] әл-Бұхари мен Мүслім келтірді

«Отбасы бақытына апарар отыз жол»
кітабынан


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.