Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Стресс пен депрессияға бейім адам смартфонға тез тәуелді болады – ғалымдар
17:01, 10 қараша 2017

Стресс пен депрессияға бейім адам смартфонға тез тәуелді болады – ғалымдар


Стресс, депрессия және басқа да жүйке ауруларынан зардап шегетін адам басқаларға қарағанда смартфонға тез тәуелді болады. Сеул ұлттық университеті ғалымдары осындай қорытындыға келді де жазады ТАСС агенттігі «Хангере» басылымына сілтеме жасап.

Сеул ұлттық университеті, медицина факультетінің профессоры Мин Кюн Бок 608 студентке сауалнама жүргізіп, олардың психикалық денсаулығы мен гаджеттерді пайдалану жиілігі арасындағы байланысты зерттеген. Респонденттер өздерінің жағдайы мен іс-қимылын 4 баллдық шкала бойынша бағалаған.

Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, 222 адамда стресс деңгейі басқалардан 2,19 есе, депрессия және үрейге берілгіштік симптомы 1,91 есе жоғары болған. Зерттеу стресс сияқты психологиялық проблемалар адамның өз өзін бақылауына жауапты ми бөлігіне кері әсер ететінін көрсетті. Нәтижеде адам түрлі тәуелділіктерге тез берілгіш болады.

«Қазіргі адамдар өмірінің ажырамас бөлігі болып отырған смартфондарға тәуелділік стресс, депрессия, үрейге бейімдік сияқты психикалық проблемалардан туындайтыны дәлелденді. Гаджеттерге тәуелділіктен зардап шегуші адамдар саны өсіп жатыр. Ендеше бұл мәселеге қоғам назарын аудару керек» дейді профессор.

 baq.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.