Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылман шүкірлік-сабырлық мінезінен ажырамайды
1:47, 10 қараша 2017

Мұсылман шүкірлік-сабырлық мінезінен ажырамайды


Мұсылман ешқашан Раббысының сынақ емтиханынан құтыла алмайды. Себебі оған осы дүниеде беріліп жатқан жақсылық атаулының бәрі де сынақ емтиханы, әм көңіліне жақпаған я күтпеген әр зиян атаулының бәрі де сынақ емтиханы. Бұны тек жүрегі Раббысының әмірін күзетіп жүрген мұсылман ғана күнделікті өмірінен аңғара алады. Сондықтан да ол басына түскен сынақтың түріне байланысты я шүкірлік танытып, я сабырлық танытып өтіп беруі ғана қажет.

Сұхайб ибн Синан: Алла елшісінің: «Мүминнің ісіне таңдана қарайсың! Оның ісі түгелдей өзіне хайырлы болып табылады. Сондай-ақ бұл күй тек мүминге ғана тән. Егер оның басына қуаныш жетсе, ол шүкірлік танытып, бұл ісі өзіне хайыр болады. Ал егер оның басына зарар түссе, ол сабырлық танытып, бұл ісі өзіне хайырлы болады», – деп айтқанын риуаят еткен (СМ)


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.