Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
«Суффа» сахабалары
8:30, 10 қараша 2017

«Суффа» сахабалары


Пайғамбарымыз Мәдинада салдырған мешіттің бір бұрышына құрма ағаштарынан көлеңкелік баспана жасатты. Көлеңкелікке арабшада «суффа» делініп, ол жерде тұрғандар «асхабы суффа» аталды.

Суффа сахабалары туған-туыс, жақындары мен дүние-мүліктері жоқ кедей сахабалар болатын. Олар өмірлерін Құран үйреніп, Пайғамбарымыздан (с.а.у.) тәлім алу жолына арнады. Олардың қажеттіліктерін Пайғам-барымыздың өзі және дәулетті сахабалар қамтамасыз етті.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ілімімен сусындаған бұл бақытты жандар аз уақыттың ішінде сахабалар арасында Құран, хадис және басқа да діни ілімдерді терең меңгеруімен жоғары құрметке ие болды. Олар күндіз ораза ұстап, түнде ғибадат етіп, дүниенің күйбең тіршілігінен бойларын алыс ұстап, алтын уақыттарын Адамзаттың Ардақтысынан (с.а.у.) естігендерін жаттап,  кейінгілерге жеткізу жолында өткізді.

Пайғамбарымыздың білім бұлағынан сусындаған бұл сахабалар жан-жаққа мұғалім етіп жіберілді. Олар Исламның шынайы рухын басқа руларға, мемлекеттерге көркем түрде уағыздау арқылы жеткізді. Өмірлерін ақиқатты паш етуге арнаған ақиық сахабалар тек уағыздаумен ғана шектеліп қалған жоқ, керекті кезінде қаруларын асынып, қасиетті соғыстарға да қатысты.  Олардың арасынан ең көп хадис риуаят еткен Әбу Һурәйра, сонымен қатар Бәрә ибн Малик, Абдуллаһ ибн Үнәйс сынды ғалым, тақуа сахабалар өсіп шықты. Құран Кәрімнің және хадис шәріптердің жатталып, мағыналарының кейінгілерге дұрыс жетуінде бүкіл қиындықтарға төзе білген, білімге құштар жанқияр суффа асхабы табанды-лықтарының орны ерекше.

Алау Әділбаев
«Саңлақ сахабалар» кітабынан


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.