Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Түйе жаратылысындағы ғажайыптар
17:09, 23 қазан 2017

Түйе жаратылысындағы ғажайыптар


Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері ең кемел әрі ретті түрде жаратылған. Мысалы, түйені қараңыз!

1. Сахарадағы ұзақ сапарға шыдамды келеді. Оның ұзын мойны басын көтеріңкі ұстап, шаң мен топырақтан қорғап тұрады. Ал қатты еріндері тікенді жантақты жеуге қолайлы жаратылған. Шөлді жерде апталап суды қажет етпейтін жалғыз жануар. Түйенің өркешінде майдың қоры сақталады. Бұл иен далада оған қорек қажет болғанда азық болады.

2. Түйеде жылқы мен есектегідей тұяқ болмайды, әйтпесе ол құмға батып кетер еді, есесіне, оның аяғы құмда жүруге ыңғайлы джип көліктерінің жалпақ дөңгелектері сияқты жаратылған, сондықтан түйені «сахара кемесі» деп те атайды. Түйенің жаратылысындағы бұл қатесіз есеп пен ғажап реттіліктің және мінсіз жүйенің болуы аса Шебер Жаратушы Алланың Құдіретін танытады.

3. Бұған қоса, түйенің ауызында 34 ерекше тісі бар. Мұндай тістер өз кезегінде жантақ секілді инесі бар тікен шөптерді ешқандай қиындықсыз шайнауға септігін тигізеді.

4. Түйе бір күнде 200 литрге дейін су ішеді және ішкен судың ылғалын денеде сақтап, сусыз 1 апта бойын жүру мүмкіндігіне ие. Ең қызығы, түйе денесінен 40% ылғал жоғалса да жүк тасып жүре береді екен, ал басқа үй жануарлары денесінен 12 % ылғал жоғалса өліп қалады.

5. Бұдан бөлек, түйе 300 кг дейінгі жүкті көтеріп 22 шақырымға дейін тоқтаусыз жүре алады. Бұл дегеніміз – түйе нағыз табиғат құбылысына бейімделген әрі адамдардың көшіп-қону көлігіне арналған жануар екендігінің белгісі. Оның денесінен шыққан сүт «С» дәруменіне толы.

6. Түйе жүні радиация өткізбейтін болғандықтан, қазіргі ғарышкерлердің киімдерінің құрамында түйе жүні бар.

Ислам ғалымдары: «Алла Құранда бір мысал келтірсе, демек, онда біз үшін үлкен пайда бар», — деген. Ал Алла Тағала Құранда: «Олар түйеге және оның қалай жаратылғанына назар салмай ма?» («Ғошия» сүресі, 17-аят) деп, жаратылыс туралы ойлануға шақырады.

asylarna.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.